«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Әлекке салған айыппұл

2017 жылғы 19 Маусым
- Ақтөбе облысы
6370 просмотров

Кәсіпкер жалған айыппұлдың кесірінен 25 млн теңге мүлікінен айырыла жаздады

Күләш Бәкішеваның кәсіпорны киім тігумен айналысуға арналған. Кәсіпкер тапсырыстың тұрақтылығы, әлеуетті даму мен қызметкерлер қатарының көбеюін ғана жоспарлаған. Алайда Халыққа қызмет көрсету орталығына барғанда іскер ханымды ойламаған «тосынсый» қарсы алды.  

Жеке сот орындаушысы іскер ханымның 25 млн теңге сомасындағы мүлкіне тыйым салған. Басты себеп ретінде жылу жүйесінің қарызы көрсетілген. Алайда мұндай жағдай орын алмауы керек. Себебі Күләш Бәкішева уақытылы төлеген, төлем түбіртегі де сақталған.

«Қызметкерлер немқұрайдылық танытты. Осындай жүйе кәсіпкердің заңды егжей-тегжей білмеуіне қарай ойластырылғандай болып көрінді. Мән-жайды өзім анықтайын деп едім, ешқандай нәтиже шықпады. Сот орындаушысы ешқандай байланысқа шықпады. Ал Жылу жүйесінің қызметкерлері тек қарыз туралы айтып бақты. Мәселенің шешімін іздеп Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасына келдім», – деп түсіндірді кәсіпкер.

Өңірлік палатаның заң бөлімі Күләш Бәкішеваның мәселесін Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі өңірлік кеңестің қарауына ұсынды. Бірнеше айға созылған мәселе екі аптаның ішінде іскер ханымның пайдасына шешілді.

Ал Өңірлік палата кәсіпкерлердің заңдық сауаты лайықты деңгейде еместігіне назар аударып отыр. Олардың заңды дұрыс білмеуін мемлекеттік органдардың немқұрайды қызметкерлері пайдаланып кетеді.

«Биыл 5 айдың ішінде Палатаға бизнестің 131 субъектісінен өтінім түсті. Оның ішінде 25 өтінім кәсіпкердің пайдасына шешілді. Осы 5 ай ішінде кәсіпкерлердің шамамен 650 млн теңге сомасында мүліктік құқығы қорғалды. Осы аралықта 10 сот процесіне қатыстық, 5-еуі кәсіпкердің пайдасына шешілді», – деп хабарлады Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергіні азайту жөніндегі бөлімнің басшысы Руслан Кушинов.

Мысалы: Holding Aktobe Agro компаниясының өтініші бойынша сот Облыстағы мемлекеттік кірістер департаментінің 86 млн теңге сомасында кінәраттың әрекетіне тоқтау салды.

Сонымен қатар сотта «Черсон» шаруа қожалығының құқығы қорғалды. «Алға ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ жер учаскесіне қатысты келісімшартты бұзу туралы талап арызы заңсыз деп танылды.

Осыған орай Өңірлік палата бизнесмендердің заңды сауатын арттыру бағытындағы жұмысты күшейтіп отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер