«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбе облысының тұрғыны жер алу құқығын қорғап қалды

2017 жылғы 06 Мамыр
- Ақтөбе облысы
5535 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жергілікті прокуратурамен бірлесіп кәсіпкерге жер учаскесін алуға көмектесті 

Ботагөз Құтмағамбетованың Қарғалы ауданы Кемпірсай ауылында дүкені бар, бұл отбасылық бизнес. Жеке кәсіпкерлікпен айналысқанына биыл 7 жыл толып отыр. Осы жылдың басында отбасы мүшелері ақылдасып, бизнесті ұлғайтуға бел буады. Дүкеннен басқа Құтмағамбетовтар мейрамхана, ағаш аралау цехы мен тағы бір сауда нүктесін ашуға ниеттенеді. Жаңа бизнес алаңдарын ашу үшін жер учаскесі қажет болды.  

 Бұл жобаларды іске асыру мақсатында кәсіпкер Өңірлік кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына жүгінеді. Өйткені құжаттарды рәсімдеуде  кедергілер орын алған. Кәсіпкер 2017 жылдың 2 ақпанында Халыққа қызмет көрсету орталығының «Азаматтарға арналған үкімет»  электроны порталы арқылы жер учаскесіне өтінім берген.

 Бекітілген уақыт мерзімде 2017 жылдың 16 наурызында кәсіпкерге Қарғалы ауданының Сәулет, қала құрылысы бөлімі бастығы бекіткен қорытындысы бар жер учаскесі актісі берілді. Онда таңдалған жер учаскесі бойымен электр желілері жүргізілгендіктен жер алуға рұқсат етілмейтіні жазылған.

 Өңірлік кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалы мамандары Қарғалы ауданының «Энрегосистема» ЖШС шығарған теріс қорытындысы үстіртін және заңдық негізсіз екенін айтты. Сонымен қатар Жер кодексінің 441-1-бабына сәйкес электр, байланыс желілері, су, жылу және газ құбырлары бар аймақтарда жер учаскесін беруге болады. Мұндай учаскелер шектеулі қолданысқа берілуге тиіс.

 «Кутмагамбетова Б.К.» жеке кәсіпкерлігіне жер учаскесін бермеудің заңдылығын жергілікті прокуратура тексерді.

 Прокуратура кәсіпкер мен Қарғалы ауданы Сәулет, қала құрылысы, құрылыс бөлімі, «Энергосистема» ЖШС өкілдерінің кездесуін ұйымдастырды. Бұл кездесуге ӨКП аудандық филиалы директоры Мейрамбек Құрманов та қатысты.

Мәселе нақты талқыланған соң Ботагөз Құтмағамбетованың өтінімі орындалатын болды,  кәсіпкерге аталған электр желілерінен екі метр алшақта құрылыстарын салсын деген талап қойылды.

 Енді жер мәселесі шешілген соң кәсіпкер басқа қажетті құжаттарды түгендеп, құрылыс жұмыстарына білек сыбана кіріспек. Жобаны толық сүйемелдеуді ӨКП өз мойнына алды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер