«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбеде Мамандарды сертификаттау орталығы ашылды

2017 жылғы 06 Маусым
- Ақтөбе облысы
8355 просмотров

Енді жұмыс берішулер жұмысшылардың біліктілігіне күмәнданбайды. Ақтөбеде «Сервис и К» ЖШС жанынан мамандарды сертификаттауға арналған бірінші орталық ашылды. Бұл орталық «Атамекен» ҰКП мамандарды сертификаттау орталықтарының реестріне енгізілген.

Ақтөбедегі техникалық колледж бітірушілерінің кәсіби дайындығының деңгейі осы орталықта бағаланады. Колледж түлектері  техникалық колледж базасында тестілеу түрінде біліктілік емтиханын тапсырады, ал 6-15 маусым аралығында «Сервис и К» ЖШС базасында өз білімдерін тәжірибе негізінде қорғайды.

Сертификаттау орталығының сарапшылары мен жұмыс берушілерден, яғни «Оскар М» ЖШС, «Сервис и К» ЖШС, «Казтранском» ЖШС, «ПегасМоторс Сервис» ЖШС өкілдерінен тұратын арнайы комиссия біліктілік қабілетін тексереді. Биыл 164 түлек өз білімдерін дәлелдейді.

Студенттер техник-механик, электромонтаждаушы, дінекерлеуші, автоселсарь мамандығы бойныша білім алған. Түлектер маман ретіндегі деңгейін растаған жағдайда біліктілігі берілген сертификат алады және Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының сертификатталған мамандар реестріне енгізіледі.

Сертификаттаудың алғашқы күні жұмыс берушілер студенттердің еңбекке қабілеттілігі жоғары екенін атап өтіп, олармен еңбек шартын жасауға дайын екендіктерін жеткізді. Түлектердің көбі бұл кәсіпорындардағы еңбек жағдайымен таныс, себебі бұл кәсіпорындар техникалық колледждің әлеуметтік серіктесі әрі студенттерді жыл сайын өндірістік тәжірибеден өткізеді.

Емтиханды сәтті тапсырғандардың қатарында Дмитрий Бежанов та бар. Берілген тапсырманы жеңіл орындаған. Себебі әрбір тәжірибенің нәтижесін қорғап келген. Сонымен қатар бозбала оқу мен жұмысты қатар алып, болашақ мамандығына қазірден-ақ машықтанған. Бірнеше жұмыс беруші Дмитрийді жұмысқа шақырып та үлгерді.

«Сервис и К» ЖШС – мамандандырылған кәсіпорын, ашылғанына 13 жыл болды. Таксоматор паркінің базасында құрылған. Бүгінге дейін барлық цех пен жабдық сақталған. Автокөлік жөндейтін шеберханалар, техникалық жөндеу мен қайта қалпына келтіру орындары да бар. «Сервис и К» ЖШС болашақта өзге де жұмысшыларды сертификаттаудан өткізуге ниетті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер