«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбе бухгалтерлеріне арналған кеңес

2017 жылғы 16 Тамыз
- Ақтөбе облысы
3542 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының  жанындағы Бухгалтерлер клубы шағын және орта бизнес бухгалтерлері үшін «Ашық есік күнін» ұйымдастырды

Мекемелер мен кәсіпорындардың бухгалтерлеріне салық заңнамасындағы маңызды да өзекті мәселелер туралы түсінік берілді. Мамандар Ақтөбедегі Мемлекеттік кіріс басқармасында жекелеген кеңес беру қызметін де өткізді. Күні бойы 100-ге тарта адам кеңес алды.

«Тәжірибеде қосымша құн салығы, импортқа қосылған салық мәселелері бойынша кеңес берілді. Көптеген бухгалтерлер қателік жасап, уақытылы төлем жүргізбейді. Сонымен қатар табыс салығына қатысты талқылаулар да орын алды. Мұнда көп жағдайда жеке кәсіпкерлер қателік жібереді. Себебі көбінде бухгалтер жоқ, сондықтан айыппұл мен өсімақысын төлеуге мәжбүр. Сонымен қатар ауыл шаруашылығына қатысты да сауалдар қойылды. Шаруалар бұрындары жерге, шаруашылығына бір ғана салық төлеп келсе, қазіргі салық заңнамасына сәйкес бірнеше салық төлеулері керек. Ол үшін арнайы бухгалтерлік есеп жүргізіп, маманды жалдау керек болады. Сондықтан Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ретінде шаруалар үшін бірыңғай салық салуды енгізуді ұсынамыз, жылына бір рет төлесе, жеңіл болар еді», – дейді Өңірлік палатада кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің басшысы Руслан Күйшинов.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен Мемлекеттік кіріс департаментінің мамандары бірлесіп мұндай «Ашық есік күнін» әр бейсенбі сайын ұйымдастырады. Бірінші жартыжылдықта Хромтау ауданына барды. Екінші жартыжылдықта Мұғалжар ауданының салық төлеушілері үшін өткізеді.

Бүгінде Бухгалтерлер клубы компанияда, жеке кәсіпкерлікте жұмыс істейтін 150 бухгалтердің басын қосып отыр. Бұл клуб бухгалтерлік есеп, салық салу, қаржылық есепті кәсіби жүргізуге көмектесу мақсатында құрылған.

Семинарларға қатысу және кеңес алуға қатысты ақпаратты Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының 21-34-59 и 744-606 нөміріне хабарласып білуге, немесе   buhclubaktobe@gmail.com почтасына хат жолау арқылы біле аласыздар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер