«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қауымдастықтар күштерін біріктірді

2017 жылғы 21 Тамыз
- Ақтөбе облысы
3489 просмотров

Өңірдегі салалық үш бірлестік ішкі туризмді дамыту мәселесіне қатысты өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды

Келісімге Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында келді. Жинда өңірдегі үш қауымдастық бас қосты: «Ақтөбе облысы туристік компаниялар қауымдастығы» ЗТБ, «Мейрамхана және қонақүй бизнесінің қауымдастығы» ЗТБ, «Ақтөбе облысы тасымалдаушылар бірлестігі» ҚБ арнайы жиын өткізді. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы модератор ретінде қатысты.

«Қазір қауымдастықтардың бірігуіне негізгі қадамдарды жасау керек. Бұл бүгінгі күннің талабы. Бизнес бәсекелік жолмен даму керек екенін баршаңыз да түсінесіздер. Ең басты орынға ынтымақтастық пен серіктестікті шығару маңызды. Ұлттық палата міндеттерінің бірі туристік саланы дамыту, ал біріге отырып, сауда, қолөнер, қонақүй және мейрамхана бизнесінің жүйесін ойластыру қажет», – деп атап өтті Нұрлыбек Мұқанов.

Селекторлық режимде Палатаның барлық аудандардағы филиалдары байланысқа шықты. Салалық бірлестік өкілдері жұмыс істеп тұрған қауымдастықтардың мүмкіндіктері мен келешегі туралы ой бөлісті. Ауыл кәсіпкерлер қауымдастықтарды ірілендіру мақсатында туындаған мәселелерді нәтижелі әрі ортақ шешу үшін салалық бірлестік құрамына өтуді көтерді.

«Мысалы, біздің мейрамхана мен қонақүй бизнесі қауымдастығы осы саладағы маман тапшылығы ның орнын толтыру үшін «Зере» мейрамханасы базасында оқыту орталығын ашты. Жұмысшыларды сертификаттау орталығын құру мәселесі қаралып жатыр», – деп хабарлады «Мейрамхана және қонақүй бизнесінің қауымдастығының»  төрайымы Бану Тілегенова.

Сонымен қатар басқосуға Ақтөбе қолөнершілері де шақырылды. Олар Туристік компаниялар қауымдастығының құрамына кіруге ықылас танытты.

«Біздің жан жақтылығымыз ештеңе бермейді. Тұрақты түрде көрме мен сату орнына рұқсат алу мәселесін көтерген кезде түсіндік. Қолөнершілер қауымдастығын құрудың мәні жоқ. Ал облыстағы туристік компаниялардың құрамына ене отырып, қорғау мен қолдауды анық сезінетініміз анық. Біздің мәселемізге құлақ түріп, шақырған Кәсіпкерлер палатасына алғыс білдіреміз», – деді қолөнер шебері Анастасия Лебедева.

Жиында сөз алған Ақтөбе облысы туристік компаниялары қауымдастығының төрайымы Ботагөз Крамбаева көптен бері көкейде жүрген арманы орындалғанын айтты.

«Колөнер шеберлерінің көпшілігін танимын. Түрлі жиындарда, көрмелерде кездескенбіз. Туристер келіп, кәдесый алғылары келгенде, мәселе туындайды. Дүкендерді аралап, таныстарыма қоңырау шаламын. Қолөнер шеберлерінде дайын бұйым болмауы мүмкін. Сондықтан бізге бірігу керек. Түрлі шеберлік сағаттарын өткізіп, көрме-жәрмеңке ұйымдастыру, аудандарды аралау жұмыстарын бірге істейтін боламыз. Бұл бәріміз үшін де тиімді. Біздің компания туристік бағыт бойынга экскурсияға турист тартыды мақсат тұтып отыр. Қауымдастыққа мүше болу уақытша тегін, себебі туризм саласы енді дамып келеді, әлі де қарқын алуы керек», – деп хабарлады қауымдастық басшысы

Дөңгелек үстел қорытындысында Ақтөбе облысы туристік компаниялар қауымдастығы» ЗТБ, «Мейрамхана және қонақүй бизнесінің қауымдастығы» ЗТБ, «Ақтөбе облысы тасымалдаушылар бірлестігі» ҚБ, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Қауымдастық басшылары Ойыл ауданында өтетін Көкжар жәрмеңкесіне қатысу үшін ортақ жоспар дайындауға ұсыныс білдірді. Аталған іс-шара Көкжар жәрмеңкесінің 150 жылдығы аясында 9-10 қыркүйек күндері өтеді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер