«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» басшысы «Ұлы дала елі» ортақ брендін қолдану құқығын беру байқауының жеңімпаздарын марапаттады

2017 жылғы 06 Желтоқсан
6428 просмотров

Отандық тауар шығаратын немесе қызмет көрсететін кәсіпорындарға танымбелгі табысталды

«Ұлы дала елі» ортақ бренді 5 жыл көлемінде Қазақстан Республикасында қызмет көрсететін немесе отандық тауар шығаратын кәсіпорындарға берілетін танымбелгісін «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев салтанатты марапаттады. Марапаттау салтанаты дәл қазір елордада «ЭКСПО Конгресс орталығында» өтуде.

Жыл сайын құрамында 10 адам бар Комиссия құрылып, сәуір айына дейін байқау жайында ақпарат Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ресми сайтында жарияланған соң ұйымдастырушылар тамыз айына дейінгі уақыт аралығында байқауға қатысу өтініштерін қабылдайды. Қыркүйек айына дейін бір ай көлемінде Комиссия мүшелері өтініштерді сараптаған соң, қалған  қатысушыларды жалпыұлттық дауыс беруге салу арқылы бұқараның ойын ескере жеңімпазды анықтайды.

«Атамекен» ҚР ҰКП ұйымдастыратын «Ұлы дала елі» ортақ брендін қолдану құқығын беру байқауы үздік тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілер үшін сыртқы нарыққа шығу барысында жақсы көрсеткіш.

Биыл жалпыұлттық дауыс беру 9 қараша басталып, 19 қарашада байқаудың қорытынды кезеңі аяқталды. Дауыс беруге 16 756 адам қатысты.

Интернет-дауыс берудің қорытындысы төмендегідей:

  • «MKS Logistics» ЖШС, Маңғыстау облысы – 6, 295 дауыс (37, 6%)
  • «Қазфосфат» ЖШС, Жамбыл облысы – 6, 119 дауыс (36, 5%)
  • «Ново-Альджанский мелькомбинат» ЖШС, Ақтөбе облысы – 2, 493 дауыс (14, 9%)
  • «Тараз металлургия зауыты», Жамбыл облысы – 616 дауыс (3, 7%)
  • «Рыбпром» ЖШС, Алматы облысы – 431 дауыс (2, 6%)
  • «Агрофирма TNK» ЖШС, Ақмола облысы – 565 дауыс (3, 4%)
  • «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ, Алматы қ. – 237 дауыс (1, 4%)

Нәтижесінде, «Ұлы дала елі» ортақ брендін иелену байқауының  I, II, III дәрежелі дипломдарымен 3 кәсіпорын марапатталды:

1-орынды «MKSLogisticts» ЖШС Маңғыстау облысында 2007 жылы қаңтар айында құрылған кәсіпорын иеленді. Басшысы Мұрат Серсембаев. 2010 жылдың 15 қыркүйегінде кәсіпорын қауіпті жүктерді тасымалдау құқығын беретін Мемлекеттік лицензия алды. Компания негізінен Европалық Одақ пен ТМД арасында жүк тасымалы қызметін атқарады.

2-орын – «Казфосфат» ЖШС. Жамбыл облысында 1999 жылы құрылған кәсіпорын. 6028 адамды жұмыспен қамтып отырған «Казфосфат» ЖШС-ның 7 бөлімшесі бар. Химия саласының өнімдерін шығаруға маманданған кәсіпорынның негізгі өнеркәсіптік қуаты Жамбыл облысында шоғырланған. Тауар мен қызмет көрсетудің жергілікті қамту үлесі 68,5%.

3-орынды «Жана әлжан диірмен комбинаты» ЖШС алды. Кәсіпорын ұн, сондай-ақ, бидайдың қатты сорттарынан макарон өнімдерін өндіретін қазақстандық жоғары технологиялық диірмен кешені. Ақтөбе қаласының оңтүстігінен 15 шақырым қашықтықта орналасқан кәсіпорын дәнді өңдеу, сақтау және макарон өнімдерін өндірумен айналысады. Диірмен зауыты элеватор базасында 1991 жылы пайдалануға берілді. Жоғары өнімділікке ие зауытта ұн италиялық «Ocrim» және швейцариялық «Buhler» компанияларының жабдығымен бидайдың қатты сорттарынан өндіріледі. Мекеме  күніне 550 тонна ұн шығарады. Бұдан басқа, комбинат құрамына қуаттылығы жылына 12 мың тонна болатын макарон өнімдерін шығару фабрикасы кіреді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер