«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекенде» бизнес пен мемлекеттік орган арасындағы сот жүйесіндегі даулы мәселелердің себептері айтылды

2017 жылғы 07 Желтоқсан
6634 просмотров

Ұлттық палата мәселелерді Жоғарғы Сотпен бірлесе шешетін болады

7 желтоқсан күні Жоғарғы Сот мінберінде  «Бизнестің құқығы мен заңды мүддесін сотта қорғаудың тиімділігін арттыру» атты форум өтті. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мәми, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев қатысқан Форумда Басқарма төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов сөз сөйледі.

Құқықтық және салықтық мәселелерді реттейтін «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Ұлттық палатаның жұмысы бірнеше бағытта жүйелі жұмыс жасайтынын айтты.

«Біріншіден, бақылай-қадағалау жұмыстарын қысқартуға көңіл бөлінді. Қазіргі таңда 61 мемлекеттік орган шамамен 540 функциялар атқарады. ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бірлесе жасаған жұмыс нәтижесінде заңнамалық жоба жасалып, жақын арада Парламент қабырғасында талқылауға ұсынылады. Функциялар 30%-ға қысқартылады», – деді Рустам Жүрсінов.

Қазіргі уақытта бизнеске қойылатын 30 мыңға жуық талаптарды 56%-ға қысқарту жоспарлануда. Тексерулер жүргізудің уақыты 50%-ға азаяды. Бір айға, яғни 30 күнге созылатын тексерістің уақыты 15 күн болатын болды.

«Ең бастысы, тексерушілер саны азаймақ. Біздің есеп бойынша, шамамен 1100 тексеруші қысқартылып, жұмысынан босатылады деген сөз емес, басқа қызмет көрсету салаларына аударылады. Сонымен қатар, Үкіметпен лицензия мәселесі бойынша жұмыс жасалып жатыр. Осыған дейін лицензиялар саны 1115 болса, 800 рұқсат берулер, яғни 72% қысқарды», – деді Басқарма төрағасының орынбасары.

Жақын арада Бас Прокуратурада өткен Форум барысында кезде соқ ретпен алынған 80 қылмыстық істінің 33-і жабылғандығы анықталып, 800 жұмыс орны жойылғандығы айтылған болатын. Бұл қылмыстық істің бизнес үшін қаншалықты зардап келтіретіндігін айқын көрінісі.

«Өкінішке орай, шенеуніктердің көршілігі мемлекет мүддесін қорғауды бюджеттің кіріс бөлімін толтырумен тең көреді. Қарапайым сөзбен айтқанда – «Мемлекет бюджетін қайтқен күнде де толтыру!». Өз мүддесі үшін бюджетпен «азарт» ойындар ойнайтын ықылассыз және міндетіне салғырт қараушы кәсіпкерлерді қорғамаймыз. Сонымен қатар, біздің ойымызша, кез келген мемлекеттік қызметкер қандай да бір шешім қабылдамас бұрын іс-әрекетінің салдарын ойлау қажет», – деді Рустам Жүрсінов.

Бизнес пен мемлекеттің арасындағы пікірталастар жоғарыда аталған сынды зардаптар азаматтық істерде  де орын алды. Мұндай мәселелер кеден, салық, экология бойынша кездеседі.  Статистика бойынша істердің тек 20-30% бизнестің мүддесіне (2014 жылы – 31% (807 өтініштің 251), 2015 жылы – 30% (805 өтініштің 243),  2016 жылы – 22% (1355 өтініштің 304) шешіледі. Лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органдардың іс-әрекеттері мен шешімдеріне сот тәртібімен шағым жасау көрсеткіштерінің өсуі қауіп тудылары.

«Бизнес пен бюджеттің мүддесі бір деңгейде болуы тиіс, себебі жалпы есеппен алған уақытта ол мемлекет мүддесі болып табылады. Пікірталастарды тудыратын себептер мен шарттарын анықтау үшін егжей-тегжей сараптама қажет. Кеден және салық, мемлекеттік сатып алулар саласында, экология, банкротқа ұшырау мен сауықтыру, әкімшілікпен пікірталас, квазимемлекеттік компаниялар  мәселелері бойынша Жоғарғы сотпен бірлесе 7 сала бойынша сараптама жүргізбекпіз», – деді Басқарма төрағасының орынбасары.

Нақты нормалар, азаматтық және соттық тәжірибе берілетін егжей-тегжей анықтамалар берілетін түсіндірме қажет. «Атамекен» ҚР ҰКП кедендік және салықтық мәселелерін шешу үшін кейс негізінде тұрақты және тәжірибе-бағдарлық судьяларды оқытуды жүргізуді енгізуді ұсынып, тәжірибелік және ғылыми білімі бар үздік сала мамандарын жобаға жұмылдыруға дайын екендігін мәлімдеді.

 

Анықтама үшін:

Аппеляциялық комиссия 2017 жылдың 1 шілде мен 24 қараша аралығында кеден және салық тексерістері бойынша 59 шағымды қарастырды.

Салық бойынша:

Комиссия 41 шағым бойынша шешім қабылдап, кәсіпкерлер пайдасына 9 (22%), мемлекеттік органдар пайдасына 32 (78%) шешілді. Яғни 78% шағым түсіру жағдайларында ары қарай сотта қарау ықтималдылығы артады.

ҰКП кәсіпкерлердің пайдасына 23 шағым бойынша қорытынды беріп, олардың ішінен комиссия 9 шағым бойынша Ұлттық палатаның ойын ескерді.

Кеден бойынша:

Комиссия 18 шағым бойынша шешім қабылдап, кәсіпкерлер пайдасына 8 (44%), мемлекеттік органдар пайдасына 10 (56%) шешілді. Яғни 56% шағым түсіру жағдайларында ары қарай сотта қарау ықтималдылығы артады.

ҰКП кәсіпкерлердің пайдасына 17 шағым бойынша қорытынды беріп, олардың ішінен комиссия 8 шағым бойынша Ұлттық палатаның ойын ескерді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер