«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлердің шағымдары назардан тыс қалмайды

2018 жылғы 01 Ақпан
- Ақтөбе облысы
4194 просмотров

Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингіндегі Қазақстан позициясын жақсарту үшін   «Электрмен қамтамасыз ету жүйесіне қосылу» индикаторы да есепке алынады. Бұл бағытта бизнеске келтіретін кедергілерді азайту, бизнесті жүргізуді жеңілдету үшін жасалатын шаралардың маңызы зор.  Ақтөбе облысының кәсіпкерлік палатасы осы мәселені үнемі назарда ұстап келеді. Осы мақсатта өңірлік кәсіпкерлік палатасының алаңында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаментінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Ақтөбе облысы бойынша департаментінің, «Энергосистема» ЖШС, «Ақтөбеэнергоснаб» ЖШС, бизнес-құрылымдардың өкілдері қатыстырылған дөңгелек үстел өткізілді.

Жиын барысында кәсіпкерлер «Энергосистема» ЖШС тарапынан жол берілген заң бұзушылықтарға шағымданды. Атап айтқанда, кәсіпкерлер  ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №143 бұйрығымен бекітілген «Электр энергиясын пайдалану туралы Ережесінің» 21-1 тармағына қайшы келетін тұтынушыға акт беру кезіндегі қосымша рәсімдердің жүргізілуі, электр жүйесіне қосылу үшін кәсіпкерлік субъектілеріне электр энергиясын коммерциялық өлшеммен есептейтін АСКУЭ қондырғысын арнайы коммерциялық фирмадан сатып алу туралы талаптың қойылуы, электр энергиясын коммерциялық өлшеммен есептейтін құрылғыларды тексеретін жылжымалы зертхананың болмауы, трансформаторлық қосалқы станциялардағы кабель каналдарын қалыпқа келтіру талаптарын заңсыз деп танып отыр.

Шағымдарды қарау нәтижесінде  Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары «Энергосистема» ЖШС мен «Ақтөбеэнергоснаб» ЖШС басшыларына электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу тәртібін жеңілдету және электрмен жабдықтау сапасын арттыру, аудан, ауылдардағы кәсіпкерлердің электр қондырғыларын қалаға тасымауы үшін кәсіпорындарды жылжымалы зертханамен жабдықтау, трансформаторлық қосалқы станциялардағы кабель каналдарын қалыпқа келтірудің кәсіпкерлерге жүктелмеуін, әсіресе Қандыағаш қаласындағы кабель каналдарын қалыпқа келтіру фактілері бойынша ішкі тексерулер жүргізіп, нәтижелері жөнінде «Атамекен» ӨКП ақпарат беру,  тұтынушыларды тұрақты және сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету туралы ұсыныстарын жолдады. Өз кезегінде «Энергосистема» ЖШС тұтынушыларды электрмен жабдықтау жүйесіне қосуды жеңілдетету мақсатында электр энергиясымен қамтамасыз ету және электр энергиясын есепке алу құрылғыларын пломбалау туралы келісімшарт жасасу тәртібінің біріктірілгенінен хабардар етті.

Есептеу құралдарын тексеру бәсекелестік ортада жүргізілуі тиіс. Бұл басқа кәсіпкерлік субъектілеріне кәсіпкерлерді осы қызметтермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сайып келгенде, қондырғыларды тексеру үшін төленетін қызметтердің құнын төмендетеді. Сондай-ақ барлық аталған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген Электр энергетикасын пайдалану ережесінің 21-1-тармағының талаптарына сәйкес қызметтерді ұсыну және жою бойынша жұмыстар жүргізілуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер