«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы бизнес мәселелеріне байланысты «Жедел желіні» іске қоспақ

2018 жылғы 13 Ақпан
- Ақтөбе облысы
5558 просмотров

Жедел желі 14 ақпаннан бастап жұмыс жасайды. Біріңғай телефон арқылы кәсіпкерлердің мәселелері мен өтініштері қабылданады. Тікелей телефон желісі «Ақтөбе-кедергісіз кәсіпкерлік» жобасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының «жедел» телефон желісін іске қосудағы басты мақсаты облыстағы шағын бизнесті қолдауға бағытталған шаралардың айқындығы мен ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ кәсіпкерік субъектілерімен кері байланыс орнату және кәсіпкерлерге әкімшілік кедергілерді жоюға көмек көрсету болып табылады.

«Сыбайлас жемқорлық мәселесі және кәсіпкерлерді құқық қорғау тақырыбына байланысты сұрақтарға соңғы заңнама бастамалары тұрғысында жауап беруді жалғастырып отырмыз. Сондай-ақ, әкімшілік реформа аясында жүргізілетін бақылау-қадағалау қызметін оңтайландыруды бағалау және бақылаушы, қадағалаушы органдармен кәсіпкерлердің қарым-қатынас жасауын қамтамасыз етеміз. Сонымен қатар, кәсіпкерлер мен жергілікті атқарушы билік арасындығы қарым-қатынасты орнатуға ықпал етудеміз»,- деп атап өтті өңірлік Палата директоры Нұрлыбек Мұқанов.

Естеріңізге сала кетейік, кәсіпкерлер осы түйінді мәселелер аясында туындаған барлық сұрақтарын  +7 (7132) 744-611 жедел желі телефон номеріне хабарласып, қоюларына болады. Жұмыс уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында 9:00-ден 18:00-ге дейін (13:00 ден 14:00 үзіліс). «Жедел желіге» Ақтөбе облысы аумағында жұмыс жасайтын кез-келген кәсіпкерлік қызмет субъектісі хабарласа алады.

«Телефон желісі арқылы түскен барлық шағымдарға талдау жасалып, сараланады. Одан әрі олар өтініште көрсетілген іс-әрекеттердің заңдылығын тексеруге және тиісті шаралар қолдану үшін мемлекеттік және қадағалаушы ұйымдарға жіберіледі. Сондай-ақ, «жедел желіге» түскен хабарламалардағы статикалық есеп пен талдау жүргізу бізге бизнес қауымдастықтың өз заңды мүдделерін жүзеге асыруларына байланысты жүйелік проблемаларды анықтауға мүмкіндік береді»,-деді ӨКП директоры.

Байланыс орталығы өтініштерді қарау мерзімдері мен барысын үнемі қадағалап отырады, қажет болған жағдайда, өтініш берушімен байланысқа шығады. «Жедел желіге» хабарласқандар өздерінің тегін, есімі мен әкесінің атын, байланыс телефонының нөмірін көрсетіп, қоятын сұрақтардың (шағымдар, пікірлер, ұсыныстар, т.б.) мәнін қысқаша баяндауы қажет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер