«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Машина жасаушылар не сұрайды?

2018 жылғы 02 Сәуір
- Ақтөбе облысы
4691 просмотров

Кәсіпкерлер ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрам Пішембаевпен кездесті

Ақтөбе облыстық Өңірлік кәсіпкерлік палатасы алаңында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның Машина жасаушылар одағының төрағасы  Мейрам Пішембаевпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге  өңірдегі машина жасау және мұнай жабдықтарын жасаумен айналысатын кәсіпкерлер қатысты.

«Қазіргі таңда машина жасау саласының дамуы дүниежүзі бойынша елдің технологиялық тұрғыдан даму деңгейі ретінде қабылданады. Біздің міндетіміз - Қазақстанның машина құрылысы саласының экспорттық әлеуетін арттыру. Ақтөбе облысы - экономикалық жағынан қарқынды дамып келе жатқан өңір. Мұнда аталмыш саланы дамытуға барлық мүмкіндік бар. Ақтөбе хром қосылыстарын өндіретін зауыт, мұнай жабдықтарын жасайтын зауыттардың қатарына енді  Рельс-Арқалық зауыты қосылды. Бұл зауыттар өзара бірлесіп жұмыс атқаратындай болуы керек. Сонымен қатар ауылшаруашылық машиналарын өңірімізде жасауды қолға алатын кез келді», - деді кездесуді ашқан Машина жасаушылар одағы басқармасының төрағасы  М.Пішембаев.

Кездесуде кәсіпкерлер машина жасау секторын қаржыландыру, сондай-ақ ауылшаруашылығы құралдары саласындағы проблемалық мәселелер, кәсіпкерлік субъектілерінің қарамағындағы қорғаныш құрылыстарын қамтамасыз етудің қиындықтары туралы пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, бірқатар әлеуметтік мәселелер де айтылды. Мәжіліс депутаты аталған мәселелерді Мәжіліс қарауына және ҚР Премьер министріне жолдайтынын жеткізді.

Сондай-ақ, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы машина жасау саласындағы кәсіпкерлердің жұмысында кездесетін мәселерді жинақтап, Қазақстанның Машина жасаушылар одағына жолдайтын болады. Бұл сұрақтар осы жылдың қыркүйек айында өткізілетін Машина жасаушылардың IV форумында талқыланбақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер