«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіби кеңес беру мінбері

2018 жылғы 06 Сәуір
- Ақтөбе облысы
2404 просмотров

Ақтөбе өңірлік кәсіпкерлер палатасында кезекті «Бизнес-кеңесші» тренингі өткізілуде

«Бизнес-кеңесші» жобасы жеке ісін ашуды жоспарлап жүрген немесе жаңадан бастаған кәсіпкерлерге арналған. Тренингте бизнесті ашуға қажетті маркетинг, кәсіпкерлік психологиясы, қызметкерлерді басқару, ақпараттық технологияларды пайдалану, бизнес-жоспар, қаржылық, құқықтық мәселелер, салық төлеу бойынша сабақтар жүргізіледі. Аталмыш жоба бойынша жыл басынан бері 540 адам оқудан өтті.

Бекжан Асаухан, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасының бизнес-тренері:

«Оқу бағдарламасында кәсіпкерлікке кіріспе, кәсіпкерлік психологиясы, бизнес-жоспар, маркетингтік қызмет, қаржыны, қызметкерлерді басқару, құқықытық аспектілері, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану секілді бірнеше тақырыптар қамтылады. Қатысушыларға тәжірибелік тапсырмалар беріледі. Жұмыс жоспарлары құрылады».

 «Бизнес-кеңесші» сабақтарына қатысушылардың жас ерекшеліктері, қызмет саласы, өмір сүру жағдайлары әртүрлі. Олардың арасында бизнес ашуға ниетті жандар мен бизнесті жаңадан бастаған кәсіпкерлер, сонымен қатар қаламызға белгілі тұлғалар да кездеседі.

Бүгінгі семинардың тыңдаушылары қатарында «Ақтөбе қаласының әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айгүл Дүйсенова да болды:

«Мен «Бизнес-кеңесші» тренинг-сабағына кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары  мен басымдықтар туралы білу үшін қатысып отырмын. Бүгінгі алған білімімді әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бағытында қолданатын боламын»,-дейді ол.

Бүгінгі «Бизнес-кеңесші» тренингіне 70 тен аса адам қатысты. «Бизнес-кеңесші» семинарына қатысушылардың дені тренинг сабағы нәтижесінде өз бизнесін ашуға сенім пайда болғанын жеткізіді. Кәсібі бар жандар білімдерін тереңдетті, олардың көбі курсты бітіргеннен соң мемлекеттік грант алуға қатыспақ. «Бизнес-кеңесші» жобасының тыңдаушылары тренингтің өте қызықты өткенін айтады:

Рабиға Искалиева, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

«Біз тренинг барысында бизнес-идеялардың қарапайым өмірге қаншалықты сәйкес келетінін анықтап, білдік. Кәсіпкердің қандай қиыншылықтарға кездесуі мүмкін, мемлекеттік қаржыландыруға қатысу үшін қандай құжаттар керек, ақшаны қалай үйлестіру керек және тағы да басқа көп мәлімет алдым. Кәсіпкерлік палатасына алғысым шексіз».

Алтай Исмаилов, кәсіпкер:

«Мен 65 жаста болсам да, әрдайым жаңалықтардан хабардар болуға тырысамын. Өзімнің 3 бизнесім бар. Кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгердім десем де, әлі білмейтінім өте көп екен. Тренингтің берері мол. Келесі сабақтарға балаларымды жіберсем бе деп отырмын.»

Жанболат Избағамбетов, кәсіпкер:

«Бизнес-кеңесші» оқуларында кәсіпкерлік саласына қажетті есеп-қисап, салық төлеуден бастап, тұтынушылармен қалай сөйлесу керектігі, клиенттерді көбейтуге көмектесетін әдіс-тәсілдерді қолдана білу туралы айтылды. Бизнесін бастаймын деген әрбір кәсіпкерге керек тренинг деп есептеймін».

Оқу аяқталғаннан кейін жобаға қатысушылар сертификат алады. Сертификат мемлекеттік бағдарламалар аясындағы қаржыландырулар үшін қажет. Атап өтелік, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының тренинг сабақтары ақысыз жүргізіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер