«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбеде жеке меншік балабақшалар мемлекеттен қаржыландыруды арттыруды сұрады

2018 жылғы 09 Сәуір
- Ақтөбе облысы
6072 просмотров

Жеке меншік балабақша иелері мемлекет тарапынан бір балаға бөлінетін қаржы шығынды өтемейтіндігін айтып, жан басына қаржыландыру көлемін арттыру мәселесін көтерді.

Қазақстандағы мектепке дейінгі мекемелер қауымдастығының Ақтөбедегі филиалының басшысы Наталья Каюдина берген мәтіметке сүйенсек, Ақтөбеде 73 жеке меншік балабақша жұмыс істейді.

«Бизнестің осындай белсенділігі жергілікті биліктің мектепке дейінгі мекемелерге кезекке тұру мәселесін шешіп, жаңа жұмыс орындарын ашып отыр. Мемлекеттік тапсырысты орындап отырған балабақшалар соңғы жылдары шығынмен жұмыс істеп келеді. Республикалық бюджеттен жан басына бөілетін қаржы Ақтөбеде – 19 354 теңге. Бұл сома тіпті жетпей қалады. Сондықтан кәсіпкерлер қосымша қызмет көрсету үшін ата-ана беретін төлемді арттыруға мәжбүр, бұл балалардың балабақшаға келмеуін өсіреді», –- дейді Наталья Каюдина.

Есептеу әдістемесіне сәйкес тек білім беру, коммуналдық қызмет, шаруашылық қажеттіліктеріне шығынның шамалаған тарифі Ақтөбе бойынша 27 236 теңгені құрайды. Ақтөбедегі жеке меншік балбақша иелері мемлекеттен дәл осындай соманы алуды қалайды. Сонда сабақ беруге, коммуналдық қызметке, еңбекақыға, күзет, ағымдағы жөндеу жұмыстарына кететін шығын ата-анаға жүк болмайды.

Қауымдастық филиалының төрайымы Наталья Каюдина осындай есептеу негізіне ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 қарашадағы №596 «Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру, орта, техникалық және кәсіби, ортадан кейін, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру ережесін бекіту туралы» бұйрығын алған.

Оның айтуынша Ақтөбеде жеке меншік балабақшалар үшін бір тәрбиеленушіге бөлінетін қаражатты соңғы рет 2016 жылы арттыру қарастырылған.

«Қазақстанда жеке меншік балабақша иелеріне 19 354 теңге емес, 25 мың, тіпті 29 мың теңге төленетін өңірлер бар. 19354 теңге республикалық бюджеттен бөлінеді, ал қалғанын жергілікті билік бөледі», – деп атап өтті Наталья Каюдина.

Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасы Мектепке дейінгі ұйым қауымдастығының жан басына бөлінетін қаражатты арттыру ұсынысын қолдайды.

«Ақтөбеде коммуналдық қызмет тарифтерінің қымбаттауын есепке алғанның өзінде қосымша қаржыландыруды арттыру қажет», – деп атап өтті Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлыбек Мұқанов.

Бүгінде жеке меншік балабақшаларда толық пайдалану есебінен бюджеттік топтар шығыны өтеледі деп айтуға болмайды. Жеке меншік балабақшалар 2 жасар бүлдіршіндердің есебінен жұмыс істеп отыр, себебі мемлекеттік балабақшалар оларды қабылдамайды. Мемлекеттік тапсырыс аясында жан басына қаржы бөлу тек үш жастағы балаға қарастырылған.

Кездесу барысында балабақша салуға жер бөлу мәселесі көтеріліп, мемлекеттік-жеке меншік серіктестік, сенімді басқару тақырыбы талқыланды. Бұл мәселенің барлығы да назарға алынды, әкімдік пен өңірлік палата бірлесіп жұмыс істейтін болады.

Іс-шара аясында өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшысы Палатаның білім беру, сүйемелдеу және кәсіпкерлер мүддесін қорғау бақытында атқаратын қызметі жайлы ақпарат берді. Бизнестің салалық бірлестіктерге бірігу тақырыбын қозғап, сауалдарға жауап берді. Өз кезегінде «Астана банкі» филиалының өкілі жеке меншік балабақша, мектеп және репетиторлық орталықтарға арнап цифрландыру жүйесін таныстырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер