«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ателье иелері есту қабілеті нашар жандарға қолдау білдірді

2019 жылғы 25 Қаңтар
- Ақтөбе облысы
3684 просмотров

Ақтөбе қаласындағы Дизайнерлер және тігіншілер қауымдастығы есту қабілеті нашар адамдарға спорт киімдерін сыйға тартты. Қайырымдылық шарасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Атамекенім» акциясы және Ақтөбе қаласының мерейтойына орай ұйымдастырылған «150 игі іс» қалалық акциясы аясында өтті

Қазақ саңыраулар қоғамы филиалының мини-футбол және жеңіл атлетикадан құрылған командалары жаңа спорт костюмдерімен жарысқа қатысады. Спорттық киім топтамаларын оларға Дизайнерлер және тігіншілер қауымдастығының мүшелері сыйға тартты.

«Көрсеткен көмегіміз пайдалы болғаны біз үшін маңызды. Қоғам төрағасымен сөйлесіп, спортшыларға арнайы форма керектігін білдік. Көп ойланбай қаладағы ателье иелерімен бірге спорттық формаларды алдық. Спорт әбзелдерін сыйға жақсы тілекпен бергіміз келеді, спортшылардың дені сау, жеңістері көп болсын. Қаладағы басқа да кәсіпкерлер бізден үлгі алса деп үміттенеміз», – деді Дизайнерлер және тігіншілер қауымдастығының төрайымы Ағиля Жанғазиева.

 Тігіншілер мен дизайнерлер  Қазақ саңыраулар қоғамы филиалына құны 258 мың теңгеге 26 футболка-шорты топтамасы және 8 майкалы-шорты топтамасын берді. Командалар тренерлері ризашылық ретінде бірінші жеңісті Дизайнерлер және тігіншілер қауымдастығы құрметіне арнауға  уәде етті.

 «Қайырымдылық көмек үшін сіздерге шын жүректен алғыс айтамын.  Әсіресе өскелең ұрпаққа қолдау аса қажет. Сіздер жай ғана материалдық құндылық қана емес, тыныштық әлемінде өмір сүруге мәжбүр ұл мен қыздарымызға бақытты балалық шақ сыйлап жатсыздар», – деді Қазақ саңыраулар қоғамы филиалының төрайымы Зинаида Телеушева.

Іс-шараны «Шарм» ательесі ұйымдастырды, аталған кәсіпорын есту қабілеті нашар адамдарға жыл сайын көмек беруге тырысады. Ателье Саңыраулар қоғамына арнап сахналық костюмдер тігеді.

 Жыл басында Қауымдастық мүшелері тағы бір қайырымдылық іс-шарасы – «Біз біргеміз!-Мы вместе!» акциясына қатысқан болатын. Қауымдастық мүшелері мүмкіндігі шектеулі 9 жанға арнап, сахналық киім, сонымен қатар іскерлік және мерекелік стильдегі киім үлгілерін тігіп берді. Костюмдерді дайындауда балалардың тілектері мен қалауы ескерілді.

Дизайнерлер және тігіншілер қауымдастығы 2017 жыл шілде айында Өңірлік кәсіпкерлер палатасының атсалысуымен құрылды. Бірлестікке Ақтөбе қаласындағы шамамен 40 ателье мен тігін цехы  кіреді («Шарм», «Ағиля», «Зарина», «На Заречном», «Бесаспап», «Айшура», «Класс» және т.б.).

Айта кетелік, қауымдастық мүшелері кәсіпкерлердің ауқымды сауалнамасын жүргізуді қолдады және алғашқылардың бірі болып сауалнама сұрақтарына жауап берді, сондай-ақ «Аtameken Services» порталының жаңартылған нұсқасына тіркелді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер