«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбелік кәсіпорындар колледж студенттеріне жұмысқа орналасу туралы сертификаттар табыстады

28 Ақпан 2019 - Ақтөбе облысы
536 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы кәсіпорындар мен білім беру ұйымдарының арасындағы серіктестікке септігін тигізіп келеді. Бүгін облыстағы кәсіпорындар мен әлеуметтік серіктестер техника-технологиялық колледжінің түлектеріне жұмысқа орналасу туралы куәліктер тапсырды

Биылғы 126 түлектің  79-ы (70%) «Зере», «Алтын шатыр», «Атамекен», «Рахат», «Ел мұра», «Саз-сырнай», «Афсона», «Манас», «Перчини», «Фартук» мейрамханаларында, «Славянка», «Хинкальная», «Баклажан» кафелерінде, «Кофейня» кафе-бары, «Тағам» асханалар желісіне, «Интер» ЖШС, «Совет Д.С» ЖШС, «Ару» ЖШС, «Шинторг центр» ЖШС, «Саяхат» ЖШС, «ТрейИнтер ком» ЖШС және т.б. жұмысқа орналасады, сондай-ақ, олардың біразы бүгінгі күні осы кәсіпорындарда  жұмыс істеп жатыр.

«Кәсіпорындардың қажеттіліктеріне бағытталған мамандар даярлаудағы өзара тиімді ынтымақтастық үлгісін жасадық. Жұмыс берушілердің оқу үдерісін ұйымдастыруға араласуын сұраймыз. Бұл - білім беру бағдарламасына көңіл бөлу және материалдық-техникалық базаны бірігіп пайдалану деген сөз. Бұл жерде қайырымдылық емес, әріптестік туралы айтып отырмыз », - дейді Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының өкілдері.

Колледже білім алғандардың жұмысқа орналасуына «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен Ақтөбе облысының мейрамхана және қонақ үй бизнесі қауымдастығы көмектеседі.Шара барысында жұмыс берушілердің қатысуымен еңбек жәрмеңкесі өткізілді.

Қазіргі кезде көптеген кәсіпорындар техникалық мамандарға және қоғамдық тамақтандыру саласы мамандарына мұқтаж екенін айтып өту керек. Бұл жағдайда Ақтөбе техника және технология колледжі жұмыс берушілер үшін мамандар даярлаудың шебері саналады. Дегенмен, жұмыс берушілер барлығын жұмысқа шақыра бермейді. Тәжірибе сабақтары кезінде өздерін лайықты көрсете білгендер ғана жұмысқа алынады. Көпшілігі арнайы емтиханның нәтижелері бойынша таңдалған.

Осы жылы техника-технологиялық колледжін электро-механик және техник-технолог мамандықтары бойынша 126 студент бітіріп шықты. Олардың 13-і ерекше үлгідегі диплом алды.

Ақтөбе техника-технологиялық колледжі 2004 жылы құрылған. Осы 15 жыл ішінде колледжді техникалық, тамақтану және электроэнергетикалық бағыттар бойынша 2811 түлек бітіріп шықты.

Айтып өтсек, колледж жекеменшік болып табылады.  Құрылтайшы Әкім Жансүйгенов  студенттердің бітіруге арналған салтанатты шараларына жыл сайын қатысады.

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы бұл шараны, яғни  дуальды білім беру аясында білім алған колледж түлектерін жұмысқа орналастыру мүмкіндігін бизнестің бизнесті қолдауы ретінде қарастырады.

Іс-шараға Кәсіпкерлер палатасының, білім басқарамсының, Халықты жұмыспен қамту орталықтарының қалалық, аудандық бөлімдерінің өкілдері, кәсіпорын басшылары мен әлеуметтік серіктестер және түлектердің ата-аналары қатысты.  Сонымен қатар, мамандықпен танысу және кәсіптік бағдар беру мақсатында шараға қаладағы 32 мектептің 100 жоғарғы сынып оқушысы қатыстырылды. Оларға колледж студенттерінің жұмыстарынан көрме және шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.

default.labels.news.telegram

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер