«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбе облысында кәсіпкерлер палатасы өткізіп жатқан сауалнама алғашқы нәтижесін беруде

2019 жылғы 02 Сәуір
- Ақтөбе облысы
1589 просмотров

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлер арасында сауалнама жүргізіп жатқаны туралы айтқан болатынбыз. Сауалнама облыстағы 54 мыңға жуық кәсіпкердің базасын жасап, олардың қызметінде кездесетін негізгі проблемаларды анықтау және олардың қажеттілігі мен сұранысын айқындау мақсатында жасалуда. Бүгінгі күні оған облыстағы 17 000-ға жуық кәсіпкер қатысып үлгерді

Айталық, «Қайсар eletion» ЖШС басшысы Қайырбек Таханов Кәсіпкерлер палатасының қызметтері туралы осы сауалнама барысында толығырақ қанық болғанын айтады. Ол – қаламыздағы кіші сәулет құрылыстарына жататын бірнеше қондырғы мүсіндердің авторы. Тұңғыш президент паркі, «Астана» саябағында орналасқан ұлттық нақыштағы бірнеше туынды осы Қайырбектің қолынан шыққан.

Мүсінші-кәсіпкер мемлекеттік сатып алуларға қатысу талаптарының кейбір түйткілді тұстарын сұрауға келіпті. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының сарапшылары оның барлық сұрақтарына жауап беріп, жаңадан құрылған «Atameken Services» порталы мен мобильді қосымшасының мүмкіндіктерімен таныстырды.

Аталған қосымша арқылы Палатаға келмей-ақ, үйде отырып, кеңес алуға, бизнес бойынша білімді жетілдіруге тапсырыс беріп, құқықтық көмек алуға, тіпті, несие рәсімдеуге болады. 

«Бұл шынында да өте қажетті қосымша екен. Уақыт пен қаражат үнемдеп, керек қызметтерді үйде отырып-ақ алуға болады. Барлық кәсіпкерлерге осы сервисті қолдануға кеңес беремін. Әсіресе, жеңілдікпен несие алуға өтінім толтырып, еліміздің барлық қаржы институттары мен банктеріне тапсырыс беруге мүмкіндік беретін «Несие агрегаторы» атты бөлім өте ыңғайлы», – дейді кәсіпкер. 

Сауалнама екі кезеңнен жүреді. Біріншісінде базада бар кәсіпкерлермен телефон арқылы тілдессе, екінші кезеңде жаңа бизнес субъектілерін жаяу аралайды. Сауалнамадан жиналған ұсыныс-тілектер жүйеленіп, мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге жіберіледі.
Аtameken Services порталына https://services.atameken.kz/ сілтемесі арқылы тіркелуге болады. Кәсіпкерлер сауалнамашылардың келуін күтпей-ақ, сұрақтарға онлайн жауап беруге болады.

Сауалнама 5 минут уақыт алады.

 Сауалнамаға өту сілтемелері:
https://goo.gl/forms/YLBLTJogkKBGraFw1 (орысша)
https://goo.gl/forms/KjcixJJlcblb7S362 (қазақша)


Еншілес ұйымдар

Серіктестер