«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Atameken Business

Бизнес-күнтізбе

.

Көрмелер кестесі

Мақсат пен міндет

Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесі 2013 жылдың 5 қарашасында құрылған.

Ақтөбе облысының Өңірлік кәсіпкерлер кеңесі құрамына 18 делегат, шағын және орта бизнестің 14 өкілі, сондай-ақ аймақтағы бизнес-қауымдастықтардың 4 өкілі кіреді.

Өңірлік кәсіпкерлер кеңесіне «Алтын қыран» компаниясының Бас директоры Исламбек Салжанов басшылық жасайды.

          Кеңестің мақсаты – экономиканың маңызды секторы кәсіпкерлікті өсіру, өркендету және нығайту. Өңірлік кеңес палата дирекциясына мемлекеттік билік органдарымен, үкіметтік емес, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға, басқару органдары қабылдаған бағдарламалық құжаттарды іске асыруға жәрдемдеседі.

         Өңірлік кеңес міндеттерін орындау мақсатында келесі функцияларды орындайды:

         - өңірлік палата дирекциясына мемлекеттік билік органдарымен, үкіметтік емес, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдесу;

басқару органдары қабылдаған бағдарламалық құжаттарды іске асыруға жәрдемдесу;

        - съезге делегаттар сайлау;

        - өңірлік палата және өңірлік палаталардың филиалдары қызметінің шеңберінде Ұлттық палатаның міндеттерді орындау барысын және мақсаттарға қол жеткізуін бақылау;

        - өңірлік палаталардың ағымдағы қызметінде экономиканың нақты салалары мен секторлары мүдделерінің ескерілуін қамтамасыз етеді;

        - съезге Ұлттық палата қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу;

        - өңірлік палаталар мен өңірлік палаталардың филиалдары басшыларының кандидатураларын тағайындау үшін келісу;

        - кәсіпкерлік мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу;

         - өңірлік палатаның жарғысына сәйкес өңірлік кеңеске жүктелген өзге де мәселелерді шешу.

         Кеңес құрамында кәсіпкерлердің мүдделерін білдіретін қауымдастықтар мен кәсіпкерлер енген.

          Өңірлік кеңес мүшелері тек қана кеңес жұмысымен ғана шектеліп қалмайды. Қаржы ресурстарына қатысты аудандарға, елді мекендерге шығып түсіндірме жұмыстарын жүргізуге де атсалысуда.

Серіктестер