«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Atameken Business

Бизнес-күнтізбе

.

Көрмелер кестесі

Адами капиталды дамыту

Ақтөбе облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы тарапынан жыл сайын облыстағы кәсіпорындардың мамандық иелеріне болжалды қажеттілігіне қатысты сауалнама жүргізеді.

2018-2020 жылдарға болжалды мамандықтарға қажеттіліктерін анықтау үшін қаңтар-ақпан айларында 1106 кәсіпкерлік қызмет субъектілері арасында сауалнама жүргізілді, нәтижесінде қажетті мамандықтар тізімі анықталды. Сауалнама қорытындысына сай, алдағы үш жылға 4808 маман қажет екендігі анықталды, соның ішінде 2018 жылы – 2733 маман керек. Барлық 4808 маманның 56%-ы жұмысшы, 22%-ы орта буын мамандары және 22%-ы жоғары білімді мамандар.  Өңдеу өнеркәсібі саласында маманға деген сұраныс жоғары – 20%, құрылыс саласына – 15%, тұрғын жайға орналастыру және тамақтандыру саласына 13% және ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі мен сауда саласына  жалпы сұраныстың 9%-ы тиесілі.  

Бұл ақпарат мамандар даярлауға қатысты мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру үшін Ақтөбе облыстық әкімдігіне ұсыныс ретінде берілді.

Дуалды оқытудың Жол Картасын жүзеге асыру аясында, 2018 жылдың басындағы жағдай бойынша, 222 кәсіпорынның сұранысын өтеу үшін 2163 студент білім алып жатыр. Олар 25 колледжде Техникалық және кәсіби білім беру (ТжКБ) 10 саласы, 35 мамандық және 44 біліктілік бойынша білім алып жатыр.

Жастарды кәсіпкерлік қызметке тарту және жастарды жұмыспен қамтуға ықпал ету мақсатында Кәсіпкерлер палатасы тарапынан Ақтөбе политехникалық колледжінде бизнес негіздерін оқытатын «Бизнес мектебі» ашылды. Сондай-ақ, аймақтық кәсіпкерлер палатасы «Евразиялық топ» ЖШС-на жастар арасындағы кәсіпкерлік дағдыларын дамыту мақсатындағы «Студенттер арасындағы жастар кәсіпкерлігінің экожүйесін құру» жобасының жүзеге асыруға қолдау көрсетті. Аталған жоба бойынша кәсіпкерлік университетінің стратегиясын жасау және оны енгізу, серіктес университеттердің қызметкерлерін және оқытушыларын оқыту, білім берудің инновациялық бағдарламаларын қалыптастыру, сонымен қатар жастардың кәсіпкерлік әлеуетін дамыту жоспарланып отыр. Іріктеу нәтижесі бойынша Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен Ақтөбе политехникалық колледжі таңдалды. 2017 жылдың 27 мамырында аталған университетте бизнес-кейстерді шешу бойынша «Кемел Кәсіпкер» деп аталатын Чемпионат өткізілді. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің жеңімпаз атанған 15 студенті 10 күнге Алматыдағы «AlmaU» кәсіпкерлік лагеріне барып қайтты. Биыл Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен Ақтөбе политехникалық колледжінде «Оқытушы-Инноватор» атты байқау өткізілді.   

ҚР «Атамекен» ҰКП 10-11 сыныптардың кәсіпкерлік және бизнес негіздеріне оқыту жөнінде бастама көтерді. «Кәсіпкерлік пен бизнес негіздері» атты жаңа мектеп пәні 2019-2020 оқу жылынан бастап республикадағы барлық мектептің 10-11 сыныптарының оқыту бағдарламасына элективті негізде (таңдау бойынша оқылатын пән) енгізілетін болады. Бүгінде Ақтөбе қаласындағы №20 мектеп аталған пәнді енгізу бойынша пилотты мектеп ретінде жұмыс істеп жатыр. Орта мектеп пен «Атамекен» ҰКП арасыда ашық сабақтар өткізу, бизнес-тренингтер мен кәсіпкерлермен кездесулер, аймақтағы кәсіпорындарға экскурсиялар өткізу туралы жұмыс жоспары жасалды.  

2017 жылдың шілдесінде ҚР «Атамекен» ҰКП оқу орталықтарының Реестрі жасалды. Ол кәсіпорындарда немесе салалық қауымдастықтарда оқу орталықтарына жұмыс істеуіне жол ашып берді, осылайша 2017-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамту тиімділігі және жаппай кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі «Еңбек» Бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде өз кәсіпорындарымызға мамандар даярлаумен айналысуға мүмкіндік туды. Ақтөбе облысында ҰКП оқу орталықтары Реестріне мынадай орталықтар енгізілді:    

  1. «Ақтөбе облысының мейрамхана және қонақүй бизнесі» ҚБ жанындағы «Дамыту» оқу орталығы»;  

2) “МК Корпорация” ЖШС жанындағы “TaksimFoodAcademy” орталығы;

3) “Сервис К” ЖШС жанындағы оқу орталығы;

4) “Азайа” ЖШС жанындағы оқу орталығы;

5) «Энергетика, энергиямен қамтамасыз ету, аудит және стандарттау ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС жанындағы «Энергетик» оқу орталығы;

6) “ПО Глобал-Спецодежда” ЖШС жанындағы «Надежда» оқу-өндірістік орталығы;

7) “Той дастарханы» цехының «Шарлотта» ЖШС оқу орталығы.

2017 жылы облыстағы 4 оқу орталығында 209 адам  8 мамандық бойынша білім алды, олардың  78%-ы  (163 адам) жұмысқа орналасты.

  

1. Ақтөбе облысы бойынша «Атамекен» аймақтық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен 2016 жылдың желтоқсан айында «Ақтөбе облысының мейрамхана және қонақүй бизнесі қауымдастығы» Қоғамдық бірлестігі құрылды. Бірлестікті құрудағы мақсат осы саладағы жетістіктер мен қонақжайлылық индустриясын насихаттау және оның беделін арттыру, Ақтөбе облысындағңы қонақ күту индустриясының барлық бағыттарында: мейманханаларда, қонақүйлерде, мейрамханаларда, кафелерде, барларда, «фаст фуд» орындарында, ойын сауық орталықтарында, түнгі клубтарда, азық түлік және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында, тұтыну нарығы субъектілеріндегі көтерме-бөлшек сауда желілерінде және басқа да осындай орындарда қызмет көрсету деңгейін арттыру бойынша инвестициялық, шығармашылық, мәдени, оқыту, ұйымдастыру және басқа да бастамаларды жүзеге асыру, яғни, әлеуметтік, мәдени, білім беру, басқару мақсаттарындағы жұмыстарды атқару, оның мүшелерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау, қонақ күту индустриясыны қарқынды дамыту және оны тиімді ұйымдастыру бағытындағы жұмыстары бір арнаға шоғырландыру.   

Бірлестіктің міндеті:

- қоғамдық тамақтану және қонақүй бизнесінің жетістіктерін облыстық деңгейде арттыру;

-  ұлттық қызмет көрсету деңгейін көтеру;

- бірлестік мүшелерінің шетелдік серіктестермен іскерлік өзара тиімді байланыс орнатуы үшін ұлттық, халықаралық кәсіби қауымдастықтармен, одақтармен, бірлестіктермен арада тығыз байланыс орнату;   

- тамақтандыру саласында бастауыш, орта және жоғары кәсіби білімі бар заманауи мамандар даярлау мақсатында оқыту қызметін ұйымдастыруға барынша ықпал ету;  

Қазіргі уақытта «Ақтөбе облысының мейрамхана және қонақүй бизнесі қауымдастығы» Қоғамдық бірлестігі құрамында 58 мүше бар, оның ішінде  аймақтағы 30 мейрамхана мен 28 қонақүй бар. Қауымдастық көмегімен дуальді оқытуды енгізу, сертификаттау, жұмысқа орналастыру, біліктілікті арттыру, тәжірибеден өткізу жұмыстары жүйелі жүргізіліп отыр. Кәсіби стандарттар мен оқыту бағдарламаларын жасақтау үшін салалық бірлестіктерді тарту жоспарланып отыр.     

«Ақтөбе облысының мейрамхана және қонақүй бизнесі қауымдастығы» Қоғамдық бірлестігі базасында “Дамыту”,  “TaksimFoodAcademy” оқу орталықтары құрылды, бұл орталықтарды 138 аспаз, әкімші, бармен, кассир және басқа да мамандар даярланып, жұмысқа орналастырылды.

Аға сарапшылар қызметі (SES) бағдарламасы бойынша 2017 жылдың аяңында және 2018 жылдың басында Қауымдастық қоғамдық танақтану саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында Германиядан аға сарапшыларды, яғни, халықаралық деңгейдегі аспаздар Фридрих Обойкович пен Ульрих Шенкті шақырды.  Қаланың, аудандардың бас аспаздарына арналған шеберлік сабақтары өткізілді. 

Осы жылдың ақпан айында «Ақтөбе облысының мейрамхана және қонақүй бизнесі қауымдастығы» Қоғамдық бірлестігінің ықпал етуімен Ақтөбе техникалық-технологиялық колледжінің 91 студентіне салтанатты түрде «техник-технолог» біліктілігі берілді.

 

https://lh4.googleusercontent.com/332hQhwJBHI3LDI_Mfdniy3UOuJqKG3OCgzKaOoBPIT_mZb-guQs9Ej_pXFtxNMI1yZkXpq3CYJhMfzDRKxPRqg-UjQU_k5gs1N05FMj-VZ_36VXtUCwYvpIWeBglorx4bjgDT02              https://lh3.googleusercontent.com/clBTvsbWXiIeOZC66S40Rirdz2abwuCDe-3ozCfyUVoMO9MWZ6mFf0dnChSb1UJL-BgXpyKhGrdvfiVs0YvJVCL8veo9-dMgnUaldEgoxFCYIS4dyAl7_G-zlfPqQt_jZ5-PSe0y

«Ақтөбе облысының мейрамхана және қонақүй бизнесі қауымдастығы» Қоғамдық бірлестігі төрайымы Б.Г.Тілегенова. 

 

 

2. 2017 жылдың шілдесінде «Ақтөбе облысының тігіншілері мен дизайнерлері қауымдастығы» Қоғамдық бірлестігін тіркеу жүргізілді.  

Бірлестікті құрудағы мақсат бірлестік мүшелерінің кәсіпкепкерлік қызметін үйлестіру, олардың ортақ мүліктік мүдделерін қорғау.   

Бірлестік міндеті:

- дизайнерлер мен тігін бұйымдарын өндірушілерінің жетістіктерін облыстық деңгейде үйлестіру;

- бірлестік мүшелерінің шетелдік серіктестермен іскерлік өзара тиімді байланыс орнатуы үшін ұлттық, халықаралық кәсіби қауымдастықтармен, одақтармен, бірлестіктермен арада тығыз байланыс орнату;  

- жеңіл өнеркәсіп саласында бастауыш, орта және жоғары кәсіби білімі бар заманауи мамандар даярлау мақсатында оқыту қызметін ұйымдастыруға барынша ықпал ету;  

- жеңіл өнеркәсіп саласында өзін өзі жұмыспен қамтып отырғандар арасында үздіктерді анықтау үшін байқаулар ұйымдастыру және оларды құрметті атақтарға ұсыну.

«Ақтөбе облысының тігіншілері мен дизайнерлері қауымдастығы» Қоғамдық бірлестігінің құрамында облыстағы 30 тігін ательесі еніп отыр. Олар өз жұмысының нәтижесі ретінде алғаш рет биыл “AktobeFashionDays 2018” сән үлгілерін көрсету шарасын өткізді. Аталған шарада бірлестік мүшелерінің жұмсыстары көрсетілді.

Палата көмегімен Қауымдастық жанындағы тиімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді оқыту шеңберінде тігіншілер, киім пішушілер даярлайтын Оқу орталдығын ҚР ҰКП Реестріне тіркеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.  

Сондай ақ, бірлестік қызметі шеңберінде биыл қаңтар айында Ақтөбе сервис колледжі базасында студенттерді дуальді оқытуды енгізу жөнінде әлеуметтік серіктестікке қатысты дөңгелек үстел өткізілді.  

 

https://lh4.googleusercontent.com/wf2Gk7jqRz5vTnmFFFEq3lprH5StyuOB8alr3O7po5PkUBQWibgsH41j3c3S5en6tT9ILy2zOot8HCWyiy05rYKe_PQJEIgwCxHX1LWtyHxlISQRcalcmNMm-AvEubZM0-4Tm02O    https://lh6.googleusercontent.com/hX4a7ZUQuinc_icR7khVjTxWVKp3ZNxEHP2PpOeWWFhb0GbGrCLOcdAFcnHeOwtn3Il1OjqjbIrGcIEV9jQkgm8ch6FsTBHtxqedNOaO1MEdr-AHbUd8IUWySa2uLOfdkdf2Rp21

«Ақтөбе облысының тігіншілері мен дизайнерлері қауымдастығы» Қоғамдық бірлестігі төрайымы Джангазиева Агила Исаевна

 

Серіктестер