«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлерді қорғау жөніндегі кеңес

Құрметті кәсіпкерлер!

Бизнесті қорғауға байланысты мәселелерді тиімді шешу мақсатында «Атамекен» ҰКП қамқорлығындағы кәсіпкерлерді қорғауға арналған Республикалық Кеңес тұрақты түрде жұмыс жасайды.

Өңірлік палатада Республикалық Кеңеске сәйкес Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлерді қорғау жөніндегі Кеңесі құрылды. Кеңестің құрамына бизнес қауымдастықтардың, партиялық ұйымдардың («Нұр Отан», «Ақ жол»),  жергілікті атқарушы биліктің, мемлекеттік және құзырлы органдардың өкілдері кіреді. Кеңестің төрағасы - белгілі қоғам қайраткері, Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңестің мүшесі - Құрманғазин Есімхан Ақнаурызұлы.

Кеңестердің ай сайын өткізілетін мәжілістерінде Кеңес мүшелері кәсіпкерлердің өздері және уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының қатысуымен кәсіпкерлік субъектілерінің заңды мүдделерінің бұзылуына байланысты нақты жағдайларды шешу жолдары талқылайды.

ӨКП алаңында бизнес-қауымдастығының өкілдері өздерін толғандырған мәселелері жөніндегі сұрақтарын шенеуніктерге тікелей қоюға мүмкіндіктері бар. Кеңестің әрбір отырысының соңында оның қатысушылары қарарлар қабылдайды, соның негізінде Өңірлік палата кәсіпкерді қорғау және қолданыстағы жүйелік мәселелерді шешу үшін тиісті шаралар жүргізеді.

Кеңестің жұмысы бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жарияланады, ол Кеңеске қоғамдық бақылау түріндегі қосымша құрал болып табылады. Сондықтан туындаған мәселелерін Кеңеске қарауға беретін әрбір кәсіпкердің проблемасы аяқсыз қалмайды.

Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары түскен мәселелер бойынша құқықтық тұжырымдамалар дайындайды, ал кәсіпкерлердің құқықтарының өрескел бұзылу факторы кездескен жағдайда ол талқылау үшін Кеңеске ұсынылады. Осылайша,  кәсіпкерліктің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында мейлінше тиімді құралдар құрылды.

Кеңес құрамы:

  1. Құрманғазин Есімхан Ақнаурызұлы - "Атамекен" кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің өңірлік қауымдастығы" ҚБ Басқарма төрағасы,кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі Кеңестің төрағасы
  2. Айтжанов Асхат Әбдірахманұлы -  «Дастан» ЖШС Президенті, Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік Кеңесінің мүшесі;
  3. Итеғұлов Марат Серғазыұлы -«Ақтөбе облысының сүт және сүт өнімдерін өндірушілер қауымдастығы» ЗТБ төрағасы, Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік Кеңесінің мүшесі ;
  4. Ағниязов Нұрхан Сабыржанұлы- «НҰР ОТАН» АОФ төрағасының орынбасары;
  5. Бекенов Кайрат Әскербекұлы – Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары;
  6. Садықов Асқар Аманбайұлы -   «Ақ жол» ҚДП Ақтөбе облысы филиалының төрағасы;
  7. Кудешев Руслан Аскарович - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары
  8. Дүйсенбеков Азамат Нұрланұлы – Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары;
  9. Ғалымов Жарқын Сайлауұлы- ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро Ақтөбе облысы департаменті басшысының орынбасары;
  10. Паяев Айбек Минайымбекұлы – Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы
  11. Бисенов Рафхат Төлеуғалиұлы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары
  12. Саймағамбетов Жумабек Кабылович- ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі  комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпараттарды қалыптастыру бөлімінің аға прокуроры
  13. Хамитов Талғат Амангелдіұлы – «Кәсіпкерлерді қорғау Қауымдастығы» ЗТБ төралқа төрағасы
  14. Марченко Анатолий Николаевич – «Ақтөбе кәсіпкерлері мен жұмыс берушілер одағы» ҚБ төрағасы
  15. Айтпенбетов Жасулан Бердигалиевич - ЖК "Айтпенбетов Ж.Б." юрист
  16. Гончаров Юрий Владимирович- Ақтөбе қ. маслихат депутаты, блогер;
  17. Нұрмағамбетов Қанат Базарбайұлы - Ақтөбе облысының ІІД басшысының бірінші орынбасары
  18. Махамбетов Нұрлан Жанабекұлы - Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі Кеңестің хатшысы, ӨКП директордың құқықтық мәселелер бойынша орынбасары.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі өткізілген және жоспарланған Кеңестердің отырыстарына қатысты барлық сұрақтар бойынша төмендегі байланыс телефондары бойынша хабарласа аласыздар:

 

№ п/п

ФАӘ

Қызметі

Байланыс телефоны

E-mail

1

Құрманғазин Есімхан Ақнаурызұлы

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі Кеңестің төрағасы

595-278

kokzhar@mail.ru

2

Махамбетов Нұрлан Жанабекұлы

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі Кеңестің хатшысы, ӨКП директордың құқықтық мәселелер бойынша орынбасары

744-606

n.mahambetov@atameken.kz

3

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімі

744-608

744-606

t.dzhumabaev@atameken.kz

r.tazhibayev@atameken.kz

 

Серіктестер