«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстан – халықаралық рейтингтерде

Тақырыбы: Қазақстан – халықаралық рейтингтерде

          Ағымдағы жылдың 16 желтоқсанында еліміздің тәуелсіздігіне 25 жыл толады. Осы жылдар ішінде Елбасымыздың сындар саясатының арқасында ауыз толтырып айтарлықтай табыстарға жеттік: Қазақстан жаһанға бейбітшілік пен келісім орнаған, ядролық қарудан бас тартқан бейбіт ел ретінде танылды, дамыған 50 елдің қатарына қосылды, беделді ұйымдарға төрағалық етті, экономикалық дамуды көтеруге бағытталған стратегиялар  дайындалып, іске асырылуда, жаңашылдықты жақсы көретін демокартиялық ел ретінде халықарарлық «Doing Business» және «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі» деп аталатын екі халықаралық рейтингтерге қатысады.

Қазақстанның «Doing Business» рейтингіне қатысуының бірнеше себептері бар, біріншіден, қай саланың кемшін дамыуы мен оның себептерін сұрыптаймыз, екіншіден, инвесторларды тарту үшін, өйткені кез-келген инвестор қаржы құймас бұрын құқықтарының қаншалықты қорғалғанын және бизнестің қаншалықты дамығанын анықтап алады.

Осыған жауап ретінде Қазақстан аталған рейтингке қатысып, бизнестің дамуы үшін заңнамаға қолайлы жағдай туғызатын түбегейлі өзгерістер енгізіп жатыр. Мысалы, бизнесті тіркеу мәселесі бойынша келесідей өзгерістер енгізілді:

  • Оны тіркеу электронды үкімет порталы арқылы электронды түрде әділет органдары қызметкерлерінің қатысуынсыз 1 сағат ішінде жүргізіледі;
  • Тіркеу кезінде жарғы және тұрған орнын растайтын құжат ұсынылмайды;
  • Куәлік порталда кез-келген уақытта, кез-келген данада басып шығара беруге болатын анықтамамен алмастырылған;
  • Кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерін алғашқы тіркеу мен таратуды тіркеу алымсыз жүргізіледі;
  • Бизнестің мөрі міндетті түрде болу керек деген заң талабы жойылды;
  • Бизнестің бастапқы жарғылық капиталы нөлмен теңестірілді;
  • Орта кәсіпкерлік субъектісі құрылтайшыларының арасындағы құрылтай шарт нотариалды куәландыру туралы заң талабы жойылды. Осындау заң талабы кіші кәсіпкерлік субъектілері үшін 2010 жылы жойылған болатын.

Осылайша Әділет министрлігі бизнесті тіркеуді электронды нұсқаға көшіріп,

азаматтар мен мемлекеттік қызметкерлердің уақыты мен қаражатын үнемдеп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алды. Келешекте де заңнамаға бизнесті қолдау және одан әрі дамытуға бағытталған өзгерістер енгізілетін болады.

 

 

 

 

Ақтөбе облысы Әділет департаментінің

бөлім басшысы

Көшкінбаева Айнұр Қуанышқали қызы

 

 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер