«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті сервистік қолдау

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының 2017 жылғы қорытынды есебі

1.Кіріспе

         2015 жылғы 13 сәуірден бастап Ақтөбе облысы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы кәсіпкерлерге 2017 жылғы 19 мамырдағы №19-05-17-АЭС / 11 қызметін ұсыну туралы Келісім-шарт негізінде және  кәсіпкерлік қызметпен айналысқысы келетін жеке тұлғалар және кәсіпкерлік субъектілеріне, кәсіпкерлерге сервистік қолдау көрсетуді қоса алғанда қаржылық емес қолдау көрсету тәртібі туралы Ережеге сай кәсіпкерлерге қаржылық емес қолдау көрсетеді.

2017 жылы  жұмыс істеп тұрған бизнесті жүргізуге сервистік мемлекеттік қолдау көрсету үшін кемінде 1218 кәсіпкерлік қызмет субъектісіне қызмет көрсету үшін 94,035,160 теңге бөлінді.

 

      Кәсіпкерлерді сервистік қолдау кәсіпкерлердің өз бизнесін ашып, тиімді бизнес жүргізуді ұйымдастыру бойынша тегін кеңес беру түрінде сегіз лот бойынша мамандандырылған қызметтер ұсынады.   Мамандандырылған қызмет көрсету тізбесіне: бухгалтерлік және салықтық есептерді жүргізу, статистикалық есептерді жасау, кедендік рәсімдер бойынша қызметтер, кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамалары бар тұрғындардың өтініштерін сүйемелдеу, заңгерлік қызметтер көрсету, маркетинг мәселелеріне байланысты қызметтер, ақпараттық технологияларға қызмет көрсету салалары бойынша кеңестер, мемлекеттік сатып алулар, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушы компаниялардағы сатып алулар бойынша қызметтер, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласы бойынша консультациялар кіреді. 

     

2. Өңірлердегі Қызмет көрсету бойынша жалпы ақпарат.

ҚР ҰКП Басқармасының шешімімен 15 филиал – аудан орталықтарында - 12 және шағын қалаларда 3 филиал, яғни Ембі (Мұғалжар ауданы), Темір (Темір ауданы), Жем (Мұғалжар ауданы) бекітілді.

 Палатаның жұмысы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік үш блок бойынша жүзеге асырылады. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың басынан бастап барлық аудан орталықтарында, соның ішінде Ембі, Темір, Жем секілді шағын қалаларда және Хромтау моноқаласында Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары жұмыс істейді, онда 29 кеңесші жұмыс істеп тұрған және жаңадан бастаған кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру және кеңес береді.

Облыс орталығында Кәсіпкерлікті дамыту орталығы (КДО) жұмыс жасайды, онда ШОК (шағын және орта кәсіпкерлікке) кеңес беру-сүйемелдеу қызметтері, қаржылай емес қолдау шаралары көрсетіледі және «Бизнес-мектеп» жұмыс істейді.      

Кәсіпкерлерді дамыту орталығында келесі бағыттар бойынша жұмыстар ұйымдастырылған:         

·  жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлерге сервистік қызмет көрсету;

· ШОК (шағын және орта кәсіпкерлік) жобаларын сүйемелдеу және мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша кеңестер беру;                  

· «Бизнес-мектеп» компоненті аясында жұмыс істеп тұрған және әлеуетті кәсіпкерлерді оқыту.   

   

3. Салалық және аудандық бөлімдерге қатысушылардың жалпы саны бойынша талдау.

Жалпы, 2017 жылы Ақтөбе облысында 3150 кәсіпкерлік субъектісіне 5 350 сервистік қызмет көрсетілді. Салыстыру үшін, 2015 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 3 007 кәсіпкерге 4158 қызмет көрсетілген. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 843 КҚС (28%) құрады.

Сервистік қолдау бойынша қызметтер: Ақтөбе қаласында 1065 КҚС, Мәртөк ауданында 291 КҚС, Қобда ауданында 167 КҚС, Қарғалы ауданында 254 КҚС, Хромтауда 212 КҚС, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласында 364 КҚС, Мұғалжар ауданы, Жем қаласында - 0 КҚС, Алға ауданында - 94 КҚС, Ырғыз ауданында - 190 КҚС, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласында - 207 КҚС, Әйтеке би ауданында - 85 КҚС, Шалқар ауданында - 183 КҚС, Ойыл ауданында - 228 КҚС, Байғанин ауданында -106 КҚС, Темір ауданы, Темір қаласында - 169 КҚС, Темір ауданы, Шұбарқұдық кентінде - 235 КҚС көрсетілді.

4. Ұйымдастырушылық-құқықтық бөлім бойынша қатысушылардың жалпы санын талдау.

Тәжірибелер көрсеткендей, негізінен, сервистік қолдау көрсетуге жеке кәсіпкерлер (ЖК) жүгінеді.  Өтініш беруші ЖК саны 2958 КҚС, жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) 277 КҚС, толық серіктестік (ТС) 1 КҚС, фермерлік шаруашылықтар (ФШ) 6 КҚС, шаруа қожалықтары 522 КҚС, ауыл шаруашылығы өндіріс кооперативтері (АӨК) 86 КҚС жетті.

5. Қатысушылардың жалпы санын кәсіпорынның көлеміне қарай талдау.

Тұтастай алғанда, жыл бойынша қатысушылардың жалпы саны 3850 КҚС,  КҚС шағын бизнестегі үлесі 99% немесе 3849 КҚС болды, КҚС орта бизнестегі үлесі 1% немесе 1 КҚС құрады.

 6. Қатысушылардың жалпы санының гендерлік талдауы.

Жыл бойы қатысушылардың жалпы санынан 3 850 КҚС – нен  ер адамдар - 58% немесе 2229 КҚС, ал әйелдердің үлесі 42% немесе 1621 КҚС болды.

5. Қатысушылардың жалпы санының жас ерекшеліктеріне қарай талдау.

Жыл бойы қатысушылардың жалпы санынан 3 850 КҚС – нен жас ерекшелігіне қарай 17-29 жастан бастап 799 (21%), 30-49 жастан бастап 1849 (48%), 50-57 жастан бастап 687 (18%), 57 жастан және одан жоғары 515 (13%) құрады.

Бухгалтерлік және салықтық есептер жүргізу бойынша консультациялық-сүйемелдеу  2307 КҚС, 2864 қызмет, оның ішінде салық және статистикалық есептер тапсыру үшін 1698 КҚС, 20 компанияға бухгалтерлік есеп жүргізіледі.

2016 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 937 КҚС (68%) артты.

Бұдан басқа, салық, кеден кодексінің және т.б. кейбір нормалары мен ережелеріне оқыту, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Кедендік рәсімдер бойынша 16 КҚС қызметпен қамтамасыз етілді.

Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарды қолдау үшін 109 КҚС-не 162 қызмет көрсетілді. Мысалы, «Поливест» ЖШС Ақтөбе индустриялық аймағында полиэтилен пакеттерін өндіру цехын салуды жоспарлап отыр. Бұл жоба бойынша құрылысқа рұқсат алынды.

«БН Ақтөбе» ЖШС Ақтөбе индустриялық аймағында алкоголь зауытының сұйық қалдықтарына арналған көлемі күніне 16м/3  булану алаңын салуды жоспарлап отыр. Осы жоба бойынша да құрылысқа рұқсат алуға көмек көрсетілді.

Құқықтық мәселелер бойынша 899 КҚС өтініш беріп, 1135 қызмет көрсетілді. 2016 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 71 КҚС (8%) артты.

Сондай-ақ, ЖК-245 КҚС, ЖШС – 88 КҚС, ШҚ-4КҚС, ФШ-3 КҚС,  АӨК-10 КҚС ашылды.

Кез-келген бизнестің іргетасы маркетингтік талдаудан, қайтарымдылық кезеңін және тиімділік үлесін анықтаудан тұрады. Өз ісін жаңадан бастаған кез-келген кәсіпкер өз бетінше есептеулер жүргізіп, ЕДБ, қаржы институттарынан несие алу кезінде негізге алынатын, мемлекеттік бағдарламалар шарасын пайдалануға қажетті  бизнес-жоспар жасай алмайды. Сондықтан, жұмысын жаңадан бастаған кәсіпкерлерге бизнес-жоспарды жасауға көрсетілетін қызмет ШОБ дамытудың негізгі факторы саналады. Бизнес жоспарлар кәсіпкерлердің қаржы институттарына немесе ЕДБ жүгінетіндеріне сай жоспарлы жасалады. Бұл бизнес-жоспардың негізгі мақсатына, яғни қаражат алу үшін бағытталған шаралар болып табылады.

390 КҚС 1020 маркетингтік қызмет  көрсетілді, нәтижесінде 517 бизнес-жоспардың 182 жобасы қаржы институттары бойынша мақұлданды, соның ішінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-да - 145, «Агрокредиттік корпорация» бойынша - 9, өтеусіз мемлекеттік грант  - 9, МКҰ - 5, ЕДБ - 14 жоба жүзеге асырылды. Осы жобалар бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы 1 041 729 000 теңгені құрады. Бұл сандар өз бизнесін бастауды қалайтын кәсіпкерлерге нақты, тәжірибелік көмек көрсетілгенінен хабардар етеді.

Ақпараттық технологиялар саласындағы мәселелер бойынша 30 КҚС-не 46 қызмет, оның ішінде: «1С-Бухгалтерлік» бағдарламасын қондыру және қолдау -2, электронды есепті тапсыру бойынша бағдарламаны қондыру және қолдау -41,  кәсіпорынның визиткалық-сайтын құру – 5 қызмет көрсетілді .

Мемлекеттік, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушы компаниялардағы сатып алуларға байланысты 79 КҚС - 99 қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік саласындағы кеңестер бойынша 17 КҚС - 22 қызмет көрсетілді.

Ауылдық кәсіпкерлерге қызмет көрсету бойынша ағымдағы жылы облыстың барлық өңірлері сервистік қызметпен қамтылды. «Даму» қорының МКҚО-дағы мен КҚО-ның менеджер-кеңесшілері құрамымен 33 кездесу ұйымдастырылды.

 

         

Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасы сервистік қолдау құралдарын қамтитын келесі кешенді қызметтерді ұсынады:

  • Бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізуге,  байланысты қызметтер, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасау қызметтері;
  • Кедендік рәсімдер бойынша қызметтер;

іскерлік бастамасы бар кәсіпкерлер мен халықтың сұрауларын етене ере жүріп қызмет көрсету (рұқсат беру құжаттарын алуға сүйемелдеу бойынша қызметтер (жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге, құрылысты салуға рұқсат алу,  құрылысты салуға техникалық шарттарды алу , лицензия алу және т. б.)

  • Заң қызметтерін көрсету;
  • Маркетинг мәселелері және бизнес-жоспарлау бойынша қызметтері, (бизнес-жоспарларды жазу және түзету);
  • Ақпараттық-қызмет технологиялар саласында қызмет көрсету  ("1С:Бухгалтерия" орнату және қолдау (кәсіпкер қаражаты есебінен бағдарламалық қамтамасыз ету бағдарламасын сатып алу);
  • Ұлттық компаниялардың және жер қойнауын пайдаланушылардың мемлекеттік сатып алуға байланысты сатып алу қызметтері;
  • мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласы бойынша кеңес беру;

Барлық жоғарыда аталған қызмет түрлері тегін көрсетілетін болады .

 Сондай-ақ, Ақтөбе облысының кәсіпкерлер Палатасы кәсіпкерлерді оқыту компоненті шеңберінде "Бизнес-мектеп" жоба бойынша "Бизнес-Кеңесші", "Бизнес-Өсім" және "Жобалық оқыту қағидаттарын қолдана отырып тәлімгерлік" оқытуын жалғастыруда. Қазіргі уақытта оқуға ниет білдіргендердің тізімдері қалыптастырылуда.

Қызметтер мына мекенжай бойынша көрсетіледі: Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы, 22 "К" 8 7132 744 - 614

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың Бірыңғай бағдарламасы шеңберінде «Іскерлік байланыстар» компонентін жүзеге асыру қарастырылады. Бұл компонент халықаралық және шетелдік ұйымдардың қолдауымен шетелдік серіктестермен іскерлік байланыстар орнату арқылы Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсетуге бағытталған.

«Іскерлік байланыстар» құралы екі кезеңнен тұрады:

  • Бірінші кезеңде оқыту ел ішінде жүргізіледі. Қатысушылар шетелдік және отандық бизнес-тренерлердің басшылық етуімен кәсіпорындарын дамыту бизнес-жоспарын құру үшін қажетті дағдылар мен білімдерді беретін бизнес-тренингтерден өтеді. Оқыту ақысыз өткізіледі.
  • Екінші кезең ұқсас профильді шетелдік кәсіпорындарда тағылымдама және шетелдік серіктестермен іскерлік байланыстарды орнатуды қамтиды. Бұл кезеңде мынадай сұрақтар қарастырылады:
  1. Технологияны трансферттеу мен құрал-жабдық сатып алу;
  2. Өзара тауарлар, жұмыс пен қызметтерді сатып алу;
  3. Франшизаларды алу;
  4. Халықаралық және шетелдік ұйымдардың гранттарын алу;
  5. Бірлескен кәсіпорын құру.

Қатысушылардың лауазымы басшы орынбасарынан төмен болмауы тиіс (жоғары және орта буын басшылары).

Қазақстаннан тағылымдама өту еліне ұшу мен кері қайту, сонымен қатар, сол жақта мекендеу шығындарын қатысушы өтемейді.

Қазақстаннан ұшып кету орнына дейін қатысушы өз бетінше жетеді.

Жоғарыда келтірілген ақпарат негізінде, Сізді аталған жобаға қатысуға шақырамыз.

Өтінім Ақтөбе облысының кәсіпкерлер Палатасында қабылданады.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары: 744-607, 744-615 (1512,1551).

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың Бірыңғай бағдарламасы шеңберінде «Аға сеньорлар» компонентін жүзеге асыру қарастырылады.

«Аға сеньорлар» - бұл персоналды оқыту, құрал-жабдық, өндіріс технологиясы мен басқарудың жаңа әдістерін енгізу сұрақтары бойынша жоғары білікті шетелдік мамандарды тарту.

Кеңес беру бағдарламасы кәсіпорын аумағында сарапшымен кездесу, сонымен қатар кәсіпорын мәселелерін талдау негізінде тәжірибелік ұсыныстар жасауды көздейді.

Компонетті жүзеге асыру шарттары:

-қатысушылар болып экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын шағын және орта бизнестің әрекеттегі кәсіпорындардың жоғары және орта буын басшылары табылады;

-шетелдік сарапшыларды тарту шығындарын өтеу республикалық бюджет қаражаттары есебінен жүргізіледі;

-шетелдік сарапшылардың қызметі мен ұшу шығындарын өтеу республикалық бюджет қаражаттары есебінен жүргізіледі;

-қатысушылар сарапшының Қазақстанда болуымен байланысты шығындарды төлейді: мекендеуі, тамақтануы, тәуліктік ақы, тілмаш қызметтері.

Жоғарыда келтірілген ақпарат негізінде, Сізді аталған жобаға қатысуға шақырамыз.

Өтінім Ақтөбе облысының кәсіпкерлер Палатасында қабылданады.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары: 744-607, 744-615 (1512,1551).

Ақтөбе Облысының кәсіпкерлер палатасы аудандарда келесі қызметтерді қамтитын кешенді ұсынады  :

1. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдары туралы ақпараттандыру

2. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне "бір терезе" арқылы,  мемлекеттік қаржылай емес қолдау принциптерін сақтай отырып, белгіленген рәсімдерді және регламенттерді автоматтандыру, қайталауды жою, қағидалар мен талаптарды жеңілдету және оңтайландыру қызмет шараларын көрсету;

3. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қаржылай емес қолдау функционалдық бағыттарын іске асыру ;

4. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықтан қаржылай емес қолдау көрсету құралдарына өтінімдерді жинауға алуға;

5. Кәсіпкерлік қызметті  ашу және жүргізу бойынша консультациялық қызмет көрсету,

6. Қаржы институттарымен жұмыс істеу шарттарын түсіндіру.

7. Бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізуге,  байланысты қызметтер, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасау қызметтері.

8. Құқықтық көмек  қызметтерін көрсету.

КҚО қызметтері 2018 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында (қоса алғанда) мекенжай бойынша көрсетіледі:

Хромтау қ.,  Шиловский көшесі,11А үй, тел. 8 71336 59 056;

Алга қ.,  Уәлиханов көшесі, 19Б үй, тел. 8 71337 79 126;

 Қандыағаш қ., Жастар м/а, 16 Д үй, тел. 8 71333 79 001;

Ырғыз ауданы,  Ә. Жанкелдин көшесі, 32 үй, тел. 8 71343 79 057;

 Бадамша ауылы,  Әбілқайыр хан көшесі, 18 үй, тел. 8 71342 79 028;

Шұбарқұдық ауылы,  Желтоқсан көшесі, 5Б үй, тел. 8 71346 49 132;

Ойыл ауылы,  Какжар көшесі 69, каб. 312, тел. 8 71332 79 002;

 Қобда ауылы,  Копжасаров көшесі, 25 үй, 1 этаж, тел. 8 71341 79 097;

 Мәртүк ауылы,  Жамбыл көшесі, 83, тел. 8 71331 79 085;

 Комсомольск ауылы,  Жүргенов көшесі, 67А үй, тел. 8 71339 79 029;

Эмба қ.,  Б. Момышұлы көшесі,  45Б/2, тел. 8 71334 79 082;

Темір ауданы,  Әкімат ғимараты, 1 этаж, тел. 8 71346 25 637;

 Шалқар қ., Әйтеке би көшесі, 67, тел. 8 71335 49 290;

 Карауылкелды ауылы,  Асау Барақ көшесі, 78 үй, тел. 8 71345 79 197;

Жем қ., Унучко көшесі,  1 үй, тел. 8 777 760 61 71.

Жұмыс уақыты: жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00 дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:00 дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасы сервистік қолдау құралдарын қамтитын келесі кешенді қызметтерді ұсынады:

  • Бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізуге,  байланысты қызметтер, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасау қызметтері;
  • Кедендік рәсімдер бойынша қызметтер;

іскерлік бастамасы бар кәсіпкерлер мен халықтың сұрауларын етене ере жүріп қызмет көрсету (рұқсат беру құжаттарын алуға сүйемелдеу бойынша қызметтер (жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге, құрылысты салуға рұқсат алу,  құрылысты салуға техникалық шарттарды алу , лицензия алу және т. б.)

  • Заң қызметтерін көрсету;
  • Маркетинг мәселелері және бизнес-жоспарлау бойынша қызметтері, (бизнес-жоспарларды жазу және түзету);
  • Ақпараттық-қызмет технологиялар саласында қызмет көрсету  ("1С:Бухгалтерия" орнату және қолдау (кәсіпкер қаражаты есебінен бағдарламалық қамтамасыз ету бағдарламасын сатып алу);
  • Ұлттық компаниялардың және жер қойнауын пайдаланушылардың мемлекеттік сатып алуға байланысты сатып алу қызметтері;
  • мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласы бойынша кеңес беру;

Барлық жоғарыда аталған қызмет түрлері тегін көрсетілетін болады .

Сондай-ақ, Ақтөбе облысының кәсіпкерлер Палатасы кәсіпкерлерді оқыту компоненті шеңберінде "Бизнес-мектеп" жоба бойынша "Бизнес-Кеңесші", "Бизнес-Өсім" және "Жобалық оқыту қағидаттарын қолдана отырып тәлімгерлік" оқытуын жалғастыруда. Қазіргі уақытта оқуға ниет білдіргендердің тізімдері қалыптастырылуда.

  • мына мекенжай бойынша көрсетіледі: Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы, 22 "К" 8 7132 744 - 614

Серіктестер