astana-view

Департаменттер

Сауда департаменті

Ибраимов Бақдәулет Талғатұлы

Басқарушы директор - Департамент директоры

Сауда департаменті – «Атамекен» Қазақстан Республикасы  Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымдық бөлімшесі.

Департаменттің негізгі міндеттері:

  1. Сауда және шағын бизнесті дамыту салаларында негізгі мәселелерді шешу және тариф белгілеу мәселелері бойынша кәсіпкерлік субъектілері мен қауымдастықтардың (одақтардың) шоғырландырылған пікірін (ұстанымдарын) тұжырымдау;
  2.  ҰКП-ның сауда және шағын бизнес субъектілерінің құқығы мен заңды мүддесіне өкілдік ету, қорғау, табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықтар саласындағы қызметіне қатысу;
  3. кәсіпкерлік субъектілері мен  қауымдастықтардың (одақтар) мемлекеттік органдармен сауда және шағын бизнесті дамыту және тариф белгілеу мәселелері бойынша тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыруға қатысу;
  4. Қазақстан Республикасында сауда мен шағын бизнесті дамыту және тариф белгілеу мәселелері бойынша кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдай жасауға жәрдемдесу;
  5. «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы жанындағы Шағын және орта бизнесті дамыту комитеті мен Сауда комитетінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық және құжаттамалық қызметін қамтамасыз ету.

 Стратегиялық бағыттар:

  1. Сауда саласын дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба;
  2. Тариф белгілеу.

 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер