«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылорда: Блок-посттан өту үшін кәсіпкерлер нені білуі керек?

2020 жылғы 01 Сәуір
- Қызылорда облысы
9311 просмотров

Өздеріңізге белгілі, COVID-19 вирусына орай Қызылорда қаласында 31 наурыздан бастап карантин жарияланды.

Осыған байланысты, 31.03.2020 жылдың 00:00 сағаттан бастап коронавирус инфекциясының таралуын ескере отырып, азық-түлік тауарларын, дәрілік заттарды, медициналық заттарды және басқа да тұрғындардың өмір сүруіне қажетті тауарлар мен қызмет түрлерін, өндірістік және ауылшаруашылығы кәсіпорындарының  үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз етуді қоспағанда, Қызылорда қаласына келесі көліктерге (авто, әуе көліктеріне) 14 тәулікке  кіруге және шығуға тыйым салынды.

Жүк және жолаушыларды тасымалдауды есепке алмағанда, 01.04.2020 жылдың 00:00 сағаттан бастап соңғы стансасы Қызылорда қаласы болып табылатын барлық  темір жол желісінің қызметіне  тыйым салынды. Қызылорда қаласына келетін транзиттік жолаушылар Шиелі және Тереңөзек станцияларында түсіріледі.

Кәсіпкерлер тауарларымен Қызылорда қаласын территориясына кіріп-шығу үшін мынадай талаптарды орындауы қажет.

1. Тауарды алып келе жатқан адамның жеке куәлігі немесе паспорты;

2. Тауарға тауар-көліктік жөнелтпе құжаты (азық-түлік, құрылыс материалдары, медициналық заттар мен темекі бұйымдары). Егер мұндай жөнелтпе құжаты – накладной болмаған жағдайда қосымшада көрсетіліп отырған арнайы форманы толтыру қажет.

3.  Жеке санитарлық қорғану құралдары: санитайзер және гигиеналық құралдар (маскалар мен резина қолғаптар, халаттар);

4.  Қызылорда қаласына тауарларды жеткізу мерзімі:

- құрылыс материалдары кешкі сағат 18.00-ден таңғы 06.00-ге дейін;

- дәрі-дәрмектер мен азық-түліктер, өзге де тауарлар тәулік бойы.

5. Қала төңірегіне ұзақ мерзімге келген көліктер тіркеуге алынады. Жүк көліктерінің қозғалысы облыстық штабтың келісімінсіз рұқсат етілмейді.

Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Пирмұхаммед Сыздықов: «Негізі бұрыннан тауар тасып жүрген ірі компанияларда накладной болады. Ол накладной болса посттан өткізе береді. Арнайы форма - тек накладой толтыра алмайтын жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары ғана. Бұл кәсіпкерлер өз көліктерін осы формаға сәйкес толтырып, Кәсіпкерлер палатасының маманы Алма Пирманованың электронды поштасына жолдаса  (a.pirmanova@atameken.kz, тел. 8 701 560 1127) біз облыстық штабқа береміз, штаб қаладағы 5 блок-постқа жолдап, көлік кедергісіз өте алады», - дейді.

Айта кету керек, Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының тұрақты жұмыс жасайтын «жедел желісі»: 8 /7242/ 40-09-81 немесе 8 777 764 33 11 нөміріндегі call-орталыққа хабарласа алады.

Ал «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына хабарласуға арналған байланыс құралдары: 1432, 8 778 870 14 32.

Төтенше жағдай кезінде елімізде кәсіпкерлікке қатысты жасалып жатқан жағдай туралы ақпараттарды мына сілтемеден алуға болады https://atameken.kz/ru/pages/1012-biznesvrezhimechs.

Бот по вопросам Төтенше жағдайдағы форс-мажорға қатысты сауалдар бойынша бот: https://t.me/atameken_certificate_bot

Қаржылық қызметтер бойынша бот: https://t.me/Atamekencallcentre_bot


Еншілес ұйымдар

Серіктестер