«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркістанда «Ashyq» жобасының жаңа көшбасшылары анықталды

2021 жылғы 04 Тамыз
- Түркістан облысы
8572 просмотров

Соңғы екі аптада қосымша арқылы келушілердің ең көп санын тіркеген түркістандық 24 нысан «Ashyq көшбасшысы» мәртебесіне ие болды. Бұл нысандар ҚР Бас санитарлық дәрігерінің Қаулысында жазылған қосымша жеңілдіктерге ие болады.

Олар:

Сайрам ауданындағы «НиК» сауда орталығы

Түркістан қаласындағы «TURKESTAN TEXTILE» ЖШС

Түркістан қаласындағы «Қуаныш» сауда орталығы

Шардара ауданындағы "КЕУ И К" ЖШС

Кентау қаласындағы «Қазақстан» кафесі

Түркістан қаласындағы Daily Food дәмханасы

Түркістан қаласындағы «Нулифар» кафесі

Сайрам ауданындағы «Diamond» кешені

Сайрам ауданындағы «Центр плова» кафесі

Сайрам ауданындағы «Манкент» шипажайы

Сарыағаш ауданындағы «Пончик» тәттілер дүкені

Төле би ауданындағы «Алма Тау» демалыс аймағы

Түркістан қаласындағы «Ибрагимова» ЖК

Түркістан қаласындағы «Cyber club INVOKER» компьютерлік клубы

Түркістан қаласындағы «Rixos Turkestan» қонақ үйіндегі караоке клубы

Түркістан қаласындағы «Hampton by Hilton» қонақ үйі

Сайрам ауданындағы «Сағыныш» бассейні

«Түркістан» әуежайы

Сонымен қатар, Қ.А. Яссауй атындағы ХҚТУ мен «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы да бар.

«Ashyq» көшбасшысы» мәртебесін алған жобаға қатысушыға мынадай жеңілдіктер беріледі:

- «қызыл» аймақтағы жобаға қатысушылар «сары» аймақтың талаптары бойынша жұмыс істейді;

- «сары» аймақтағы жобаға қатысушылар «жасыл» аймақтың талаптары бойынша жұмыс істейді;

- «жасыл» аймақтағы жобаға қатысушыларға жұмыс режимі 2 сағатқа қосымша ұзартылады, сондай-ақ объектіні толтыру 10%-ға арттырылады.

Бүгінде Түркістан облысы «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өтті. Сәйкесінше жоба көшбасшыларының жұмыс уақыты 2 сағатқа ұзартылатын болады.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер