«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнес бизнесті қолдайды: Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасының ІІІ кезеңі өтті

2022 жылғы 04 Тамыз
- Түркістан облысы
4793 просмотров

Бүгін Түркістандағы оқушылар сарайында «Кәсіпкерлік қырандары» жобасының үшінші кезеңі өтіп, жеті бизнес идеяның маңыздылығы талқыланды.

Жобаның осы кезеңіне «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымов және облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысты.

Айта кетейік, «Кәсіпкерлік қырандары» – бірегей жоба. Ол Түркістан облысында шағын бизнесті қолдау үшін іске қосылған. Жобаны Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы мен әкімдік жүзеге асырып отыр. Мақсаты – өңірдегі ірі, орта кәсіпкерлер микробизнесті, стартаперлерді, «Бастау Бизнес» түлектеріне инвестиция сала отырып, қаржылау қолдау көрсетеді, ментор болады. Ментор жобаны сүйемелдейді.

«Кәсіпкерлік Қырандары»  жобасының үшінші кезеңі бойынша ұсынылған бизнес идеялары мына бағыттарда болды:

  1. Медициналық қалдықтарды жоятын цех;
  2. Жарқыраған тратуарлық жол плиткаларын шығаратын цех;
  3. Тармақтар кітабы;
  4. Қолдан ұрықтандыру және ветеринарлық станция;
  5. Ғарыштық байланыс және спутниктік робототехника кешені;
  6. «Eco-Protect» дөңгелектерді қайта өңдеу;
  7. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті әмбебап монша.

«Елімізде шағын және орта бизнесті дамытуға және қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. Бизнесті қолдау Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарында, бұған іске асырылып жатқан бизнесті қолдау шараларының ауқымы дәлел. Шағын және орта кәсіпорындар жұмыс орындарын құрып, нәтижесінде халықтың едәуір бөлігін табыспен қамтамасыз етіп отыр. Бұл жалпы елдің де, жекелеген өңірлердің де әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді»,  – деді Өмірзақ Шөкеев.

Қорытындылай келе, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбеков бүгінгі таныстырылған жоба форматы – стартап кәсіпкерлері үшін өз кәсібін дамытуға мүмкіндік беретін трамплин іспеттес екендігін атап өтті. Себебі, енді жас кәсіпкерлердің бизнесте жіберілетін біршама қателігі мен шығынының болмауына  көмек көрсететін, алдыңғы қатардағы, өздеріне жол нұсқаушы ретінде «бизнес қырандары» бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер