«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ұлттық палатада 2023 жылы жолаушыларды Алакөлге жеткізу мәселелері талқыланды

2022 жылғы 30 Қыркүйек
8419 просмотров

 «Атамекен» ҰКП, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ және туристік фирмалар мен салалық қауымдастықтар өкілдерінен тұратын жұмыс тобының өкілдерімен  жазғы кезеңде жолаушыларды демалыс аймақтарына тасымалдауды қамтамасыз ету қорытындысын талқылау бойынша жиын өтті.

Алакөлдің көліктік қолжетімділігін жақсарту жөніндегі жұмыстардың қорытындысымен «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетов бөлісті. Оның мәліметінше, биылғы жағажай маусымында Алакөл бағытына 11 маршрут сақталған, оның ішінде 2 маршрут «Тальго» вагондарымен орындалады.

 «Жолаушылар арасында «Тальго» вагондарына деген сұраныс 90-95%-ға дейін жетті. Сондықтан келесі жылы мемлекеттік органдармен бірлесіп «Астана-Достық» бағыты бойынша «Тальго» вагондарын іске қосуды жоспарлап отырмыз», – деді Қанат Әлмағамбетов.

Алакөл көлінің жағалауы бағытындағы тасымалдардың жалпы көлемі 2022 жылы 243 мың адамды құрады (2021 жылы – 182 мың адам). Жолаушылар ағынының көлемі 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,5%-ға өсті. Еліміздің оңтүстік өңірінен үлкен ағын байқалады – 118,7 мың адам тасымалданды. Бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 13%-ға немесе 13,7 мың жолаушыға жоғары. Солтүстік аймақтан көлге қарай және кері 72,1 мың жолаушы тасымалданды, бұл 84,9%-ға немесе 33,1 мың адамға жоғары, ШҚО-дан 52,3 мың қазақстандық тасымалданды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 37,6%-ға жоғары көрсеткіш.

Туристік фирмалардың өкілдері статистикамен танысып, «Қазақстан Темір жолы» Ақ өкілдеріне белсенді ынтымақтастығы үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, 2023 жылдың жазғы маусымына сервисті жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстарды айтты. Туроператорды айтуынша, күн тәртібінде жылдан жылға шешілмейтін темір жол рейстеріне билеттердің жетіспеушілігі мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Кәсіпкерлердің айтуынша, бұл демалушыларға демалысты алдын ала жоспарлауға мүмкіндік бермейді, соның салдарынан жазғы кезеңде демалыс базаларының аз жұмыс істеуі байқалады. Сондықтан 2023 жылдың қаңтар айынан бастап ерте брондау бойынша топтық өтінімдерді қабылдау, вагондардың құрамы мен жай-күйін жақсарту, еркін қолжетімділікте билеттерді сатып алу, сондай-ақ шекара маңындағы өңірлерден Достық станциясына дейін қосымша бағыттарды іске қосу мүмкіндігін қарау мәселелерін қарастыру жөнінде ұсыныстар айтты.

Жиын қорытындысы бойынша «Атамекен» ҰКП туризм департаменті директорының орынбасары Кеңес Әлиев алдағы 2023 жылғы жазғы маусымға дайындық шеңберінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп көлік қызметтерін көрсету сапасын жақсарту бойынша бизнестен түскен барлық ұсынымды пысықтауды ұсынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер