Жергілікті жерлерде бизнесті дамытуға бағытталған әріптестік: Кәсіпкерлер палатасы мен «Даму» қоры Алтай ауданында қолдауды күшейтуде
Бүгін Алтай ауданында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ филиалы директорының орынбасары Нұркен Абдуллиннің аймақ кәсіпкерлерімен кездесуі өтті.
Іскерлік қауымдастыққа еліміздегі шағын және орта бизнесті қолдаудың қолданыстағы құралдары таныстырылып, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу шарттары, пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау және несиелерді кепілдендіру тетіктері жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ 2025–2026 жылдары кәсіпкерлер үшін ашылатын жаңа мүмкіндіктер туралы айтылды.
Мұндай кездесулер, әсіресе өңірлердегі кәсіпкерлер үшін айрықша маңызды. Олар өзекті әрі сенімді ақпаратты «бірінші көзден» алып, нақты практикалық сұрақтарын қойып, бизнесті дамыту немесе кеңейту үшін қандай қолдау шаралары тиімді екенін түсінуге мүмкіндік береді.
«Осындай кездесулердің жергілікті жерде ұйымдастырылуы біз үшін өте маңызды. Әрдайым облыс орталығына барып қатысу мүмкін болмайды, ал мұнда біз бағдарламалар бойынша толық түсіндірме алып, оларды нақты қалай пайдалану керектігін түсінеміз», - деп атап өтті кездесуге қатысқан Алтай ауданындағы кәсіпкерлердің бірі.
Ашық диалог барысында қатысушылар қаржыландыруға қол жеткізу, кепілдік қамтамасыз ету, құжаттарды рәсімдеу кезіндегі қиындықтар және шағын бизнеске әсер ететін қазіргі экономикалық сын-қатерлер сияқты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.
«Даму қоры әрбір кәсіпкерге қолжетімді қолдау құралдарын түсіндіріп қана қоймай, оларды тиімді пайдалануына көмектесуге мүдделі. Біздің міндетіміз - бағдарламаларды таныстыру ғана емес, бизнестің оларды іс жүзінде қолдануына жағдай жасау», - деп атап өтті Нұркен Абдулин.
Кәсіпкерлер тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік бергені үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, алынған ақпараттың практикалық маңыздылығын ерекше атап өтті.
«Мұндай кездесулер сенім береді. Қолдаудың нақты тетіктері бар екенін түсінгенде, даму, жаңа жобаларды іске қосу және жұмыс орындарын ашу үшін жаңа серпін пайда болады», - деп бөлісті қатысушылардың бірі.
Кездесу сындарлы жағдайда өтіп, Кәсіпкерлер палатасы мен «Даму» қоры арасындағы тығыз әрі жүйелі өзара іс-қимылдың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті. Тараптар өңірде кәсіпкерлікті дамыту мақсатында алдағы уақытта да өзара ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін білдірді.


Пікір қалдыру:
Пікірлер: