«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бизнес–Кеңесші» ақтөбеліктерге жеке кәсіп ашуға көмектеседі

2017 жылғы 24 Сәуір
- Ақтөбе облысы
4881 просмотров

«Бизнес-Көмекші» аз уақыт ішінде кәсіпкерлік шеберлікті игеріп, жеке істі бастаудың көмекшісіне айналды

Байғанин ауданында өткен екі күндік семинарға 169 адам қатысты. Өз кәсібін жаңа бастағандар ғана емес, бизнесте бұрыннан келе жатқан азаматтар да қатысты. Қатысушылардың көптігінен семинар Қарауылкелді орта мектебінің акт залында өткізілді.

Экспресс-курс аясында ауыл тұрғындарына маркетинг негіздері, адами капиталды басқару, бизнес жүргізудің заңдық негіздері, кәсіпорынның қаржылық мәселелері туралы білім берілді.

Кәсібін жүргізетін және әлеуетті бизнесмендерге семинарды Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Асаухан Бекжан жүргізді.

Оның айтуынша, тренингтің зайда зор. Курсты жаңадан аяқтағандардың түгелі дерлік өз істерін бастайды. Негізінен қызмет көрсету, өндіріс, ауыл шаруашылығы саласында қызмет етеді.

«Семинар қабілетімді біліп, жұмыс істейтін бағытта анықтауға және ешқандай кедергінің жоқ екенін түсінуге мүмкіндік берді. Барлығы өз қолымызда, өзіміздің әрекетіміз бен қалауымызға байланысты. Семинарда жобаның бизнес-тұжырымдамасын болжам жасап, теориялық талдауда топтасып жұмыс істеуді үйретті», – деді Қарауылкелді ауылының тұрғыны Бибігүл Қосқұлақова.

Ол семинарға бірінші рет қатысып отыр. Кәсіпкерлік ісін қайта жандандыруды қалаған ауыл тұрғыны курстан өту керектігін ұйғарған. Ғимарат салып, тігін шеберханасын қайта жандандыруды көздеп отыр.

Бибігүл Қосқұлақова былтырғы жылға дейін киім, көрпе мен бас киімдерді тігумен айналысып келген. Жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, заңды жұмыс атқарған. Тіпті ғимаратты жалға алған. Алайда, пайдасынан гөрі, шығыны көп болғандықтан, бұл ісін тоқтатқан.

«Барлық себеп білімде, білімнің жоқтығынан», – деп мойындады ол.

Енді «Бизнес-Кеңесші» жобасымен қысқа мерзімде курстан өткендігін растайтын сертификат алған соң, қаржылай қолдау көсретілетініне үмітті. Осылайша өз ісін қайта жандандырмақ.

Кәсіпкерлер палатасы Байғанин аудандық филиалының директоры Мұрат Тасиннің айтуынша, жеке ісін жүргізуді үйренгісі келетіндер қатары жыл санап артып келеді. Аудан орталығына 9 ауылдық округтың барлығынан келеді.

Мысалы «Бизнес–Кеңесші» жобасымен 2015 жылы 90 адам білім алса, 2016 жылы қысқа мерзімді курсты тәмамдағандар саны 128-ге өскен. Олардың көбі бизнес-жобаларын сәтті қорғап, жеке істерін бастап кеткен.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер