«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасы

Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы - "Атамекен" ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының аумақтық бөлімшесі, ол "Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2013 жылғы 22 қазанда құрылған, сондай-ақ бизнес пен биліктің тиімді әріптестігі негізінде даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында кәсіпкерлік субъектілерін біріктіретін коммерциялық емес, өзін-өзі басқаратын ұйым.

Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы қызметінің негізгі бағыттары:

  • Оқыту, кеңес беру, кәсіпкерлерді бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары, бизнесті жүргізу, заңнамалық талаптар мен жаңалықтар және т. б. туралы хабардар ету.
  • Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау, әкімшілік кедергілерді және бизнестің жүйелі проблемаларын аудандар, өңірлер, республика бойынша анықтау және шешу.
  • Отандық өндірістерді дамытуға және тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі қазақстандық қамту үлесін арттыруға жәрдемдесу, бизнес-жобаларды және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу;
  • Ақтөбе облысының кәсіпорындарында талап етілетін мамандарды кәсіби даярлауға жәрдемдесу.
  • Ақтөбе облысының агроөнеркәсіптік секторын дамытуға және ауыл шаруашылығы саласындағы бизнес проблемаларын шешуге жәрдемдесу.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша кәсіпкерлерден "Атамекен" ҰКП call-орталығына 1432 нөмірі бойынша хабарласуды сұраймыз.

Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасының әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі парақшалары:

Facebookhttps://www.facebook.com/groups/AktobeBiz/ (Бизнес в Актобе и Актюбинской области)

Instagram@palataatameken_aktobe

Telegram: t.me/business_aktobe04

 

 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер