«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Адами капиталды дамыту

Кадрлардың қажеттілігі бойынша жыл сайынғы сауалнама барысында 1493 кәсіпорынға сауалнама жүргізілді. Сауалнама бойынша кадрларға қажеттілік: 2022 жыл – 2325 бос жұмыс орны; 2023 жыл – 2024 бос жұмыс орны; 2024 жыл – 2177 бос жұмыс орны.

Орта есеппен білім деңгейі бойынша кадрларға қажеттілік: бос жұмыс орындарынна 27% - жоғары, 56% - орта-арнайы және 17% - білім қажет етпейді. Қорытынды жасай отырып, жұмыс берушілердің кадрларға деген негізгі қажеттілігі орта буын мамандары мен жұмысшы біліктіліктері бойынша байқалады деп айтуға болады.

Кәсіптер салалары бойынша ауыл шаруашылығы, білім беру, құрылыс және өңдеу өнеркәсібі саласында білімі бар қызметкерлер сұранысқа ие. 2022-2024 жылдарға сұранысқа ие орта және төмен білікті мамандықтар: тракторшы, жол монтері, тігінші, аспаз, күзетшілер және т. б.

Сауалнама нәтижелері ТжКБ және қысқа мерзімді оқытудың мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру үшін білім беру мен жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына жіберілді.

2022 жылдың 1 желтоқсанына дуальды оқытуды енгізудің жол картасы 53 мамандық және 67 біліктілік бойынша іске асырылады. 559 кәсіпорын Жол картасына қатысып, 29 ТжКБ ұйымдарымен түрлі мамандықтар бойынша 3762 студентті бірлесіп даярлау шарттарын қабылдады.

Жыл сайын кәсіпорындар мен студенттердің дуальды оқытудың Жол картасына қатысуының өсуі байқалады, бұл жұмыс берушілердің дуальды оқытуды іске асыруға, өздері үшін мамандар даярлауға, өздерінің нақты талаптарына қатысуға мүдделілігін көрсетеді. 2019-2020 оқу жылы - 288 кәсіпорын және 1753 студент, 2020-2021 оқу жылы - 276 кәсіпорын және 2509 студент, 2021-2022 оқу жылы-483 кәсіпорын және 3190 студент.

Өндірістегі білікті тәлімгерлердің тапшылығы проблемасын шешу мақсатында кәсіпкерлер палатасында дуальды оқытудың жол картасы шеңберінде кәсіпорын қызметкерлері үшін тәлімгерлік мектебі ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда кәсіпорынның 102 қызметкері оқудан өтті.

Бүгінгі таңда 44 білім беру ұйымы (кәсіпорындар жанындағы 20 оқу орталығы, 5 дербес оқу орталығы және 19 колледж) 88 жұмысшы мамандығы бойынша "Атамекен" ҚР ҰКП жанындағы білім беру ұйымдарының тізіліміне енгізілді.

1. Ақтөбе облысы бойынша «Атамекен» аймақтық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен 2016 жылдың желтоқсан айында «Ақтөбе облысының мейрамхана және қонақүй бизнесі қауымдастығы» Қоғамдық бірлестігі құрылды. Бірлестікті құрудағы мақсат осы саладағы жетістіктер мен қонақжайлылық индустриясын насихаттау және оның беделін арттыру, Ақтөбе облысындағңы қонақ күту индустриясының барлық бағыттарында: мейманханаларда, қонақүйлерде, мейрамханаларда, кафелерде, барларда, «фаст фуд» орындарында, ойын сауық орталықтарында, түнгі клубтарда, азық түлік және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында, тұтыну нарығы субъектілеріндегі көтерме-бөлшек сауда желілерінде және басқа да осындай орындарда қызмет көрсету деңгейін арттыру бойынша инвестициялық, шығармашылық, мәдени, оқыту, ұйымдастыру және басқа да бастамаларды жүзеге асыру, яғни, әлеуметтік, мәдени, білім беру, басқару мақсаттарындағы жұмыстарды атқару, оның мүшелерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау, қонақ күту индустриясыны қарқынды дамыту және оны тиімді ұйымдастыру бағытындағы жұмыстары бір арнаға шоғырландыру.   

Бірлестіктің міндеті:

  • қоғамдық тамақтану және қонақүй бизнесінің жетістіктерін облыстық деңгейде арттыру;
  • ұлттық қызмет көрсету деңгейін көтеру;
  • бірлестік мүшелерінің шетелдік серіктестермен іскерлік өзара тиімді байланыс орнатуы үшін ұлттық, халықаралық кәсіби қауымдастықтармен, одақтармен, бірлестіктермен арада тығыз байланыс орнату;   
  • тамақтандыру саласында бастауыш, орта және жоғары кәсіби білімі бар заманауи мамандар даярлау мақсатында оқыту қызметін ұйымдастыруға барынша ықпал ету.

Қазіргі уақытта «Ақтөбе облысының мейрамхана және қонақүй бизнесі қауымдастығы» Қоғамдық бірлестігі құрамында 58 мүше бар, оның ішінде  аймақтағы 30 мейрамхана мен 28 қонақүй бар. Қауымдастық көмегімен дуальді оқытуды енгізу, сертификаттау, жұмысқа орналастыру, біліктілікті арттыру, тәжірибеден өткізу жұмыстары жүйелі жүргізіліп отыр. Кәсіби стандарттар мен оқыту бағдарламаларын жасақтау үшін салалық бірлестіктерді тарту жоспарланып отыр.     

«Ақтөбе облысының мейрамхана және қонақүй бизнесі қауымдастығы» Қоғамдық бірлестігі базасында “Дамыту”,  “TaksimFoodAcademy” оқу орталықтары құрылды, бұл орталықтарды 138 аспаз, әкімші, бармен, кассир және басқа да мамандар даярланып, жұмысқа орналастырылды.

Аға сарапшылар қызметі (SES) бағдарламасы бойынша 2017 жылдың аяңында және 2018 жылдың басында Қауымдастық қоғамдық танақтану саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында Германиядан аға сарапшыларды, яғни, халықаралық деңгейдегі аспаздар Фридрих Обойкович пен Ульрих Шенкті шақырды.  Қаланың, аудандардың бас аспаздарына арналған шеберлік сабақтары өткізілді. 

Осы жылдың ақпан айында «Ақтөбе облысының мейрамхана және қонақүй бизнесі қауымдастығы» Қоғамдық бірлестігінің ықпал етуімен Ақтөбе техникалық-технологиялық колледжінің 91 студентіне салтанатты түрде «техник-технолог» біліктілігі берілді.       «Ақтөбе облысының мейрамхана және қонақүй бизнесі қауымдастығы» Қоғамдық бірлестігі төрайымы Б.Г.Тілегенова. 

 

2. 2017 жылдың шілдесінде «Ақтөбе облысының тігіншілері мен дизайнерлері қауымдастығы» Қоғамдық бірлестігін тіркеу жүргізілді.  

Бірлестікті құрудағы мақсат бірлестік мүшелерінің кәсіпкепкерлік қызметін үйлестіру, олардың ортақ мүліктік мүдделерін қорғау.   

Бірлестік міндеті:

  • дизайнерлер мен тігін бұйымдарын өндірушілерінің жетістіктерін облыстық деңгейде үйлестіру;
  • бірлестік мүшелерінің шетелдік серіктестермен іскерлік өзара тиімді байланыс орнатуы үшін ұлттық, халықаралық кәсіби қауымдастықтармен, одақтармен, бірлестіктермен арада тығыз байланыс орнату;  
  • жеңіл өнеркәсіп саласында бастауыш, орта және жоғары кәсіби білімі бар заманауи мамандар даярлау мақсатында оқыту қызметін ұйымдастыруға барынша ықпал ету;  
  • жеңіл өнеркәсіп саласында өзін өзі жұмыспен қамтып отырғандар арасында үздіктерді анықтау үшін байқаулар ұйымдастыру және оларды құрметті атақтарға ұсыну.

«Ақтөбе облысының тігіншілері мен дизайнерлері қауымдастығы» Қоғамдық бірлестігінің құрамында облыстағы 30 тігін ательесі еніп отыр. Олар өз жұмысының нәтижесі ретінде алғаш рет биыл “AktobeFashionDays 2018” сән үлгілерін көрсету шарасын өткізді. Аталған шарада бірлестік мүшелерінің жұмсыстары көрсетілді.

Палата көмегімен Қауымдастық жанындағы тиімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді оқыту шеңберінде тігіншілер, киім пішушілер даярлайтын Оқу орталдығын ҚР ҰКП Реестріне тіркеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай ақ, бірлестік қызметі шеңберінде биыл қаңтар айында Ақтөбе сервис колледжі базасында студенттерді дуальді оқытуды енгізу жөнінде әлеуметтік серіктестікке қатысты дөңгелек үстел өткізілді.  

«Ақтөбе облысының тігіншілері мен дизайнерлері қауымдастығы» Қоғамдық бірлестігі төрайымы Куляш Бакишева.

 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер