«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мақсат пен міндет

 Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі Палатаның бақылау органы болып табылады.

Кеңестің мақсаты – экономиканың маңызды секторы кәсіпкерлікті өсіру, өркендету және нығайту. Өңірлік кеңес палата дирекциясына мемлекеттік билік органдарымен, үкіметтік емес, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға, басқару органдары қабылдаған бағдарламалық құжаттарды іске асыруға жәрдемдеседі.

Өңірлік кеңес міндеттерін орындау мақсатында келесі функцияларды орындайды:

  • өңірлік палата дирекциясына мемлекеттік билік органдарымен, үкіметтік емес, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдесу;
  • басқару органдары қабылдаған бағдарламалық құжаттарды іске асыруға жәрдемдесу;
  • съезге делегаттар сайлау;
  • өңірлік палата және өңірлік палаталардың филиалдары қызметінің шеңберінде Ұлттық палатаның міндеттерді орындау барысын және мақсаттарға қол жеткізуін бақылау;
  • өңірлік палаталардың ағымдағы қызметінде экономиканың нақты салалары мен секторлары мүдделерінің ескерілуін қамтамасыз етеді;
  • съезге Ұлттық палата қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу;
  • өңірлік палаталар мен өңірлік палаталардың филиалдары басшыларының кандидатураларын тағайындау үшін келісу;
  • кәсіпкерлік мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу;
  • өңірлік палатаның жарғысына сәйкес өңірлік кеңеске жүктелген өзге де мәселелерді шешу.
  • Кеңес құрамында кәсіпкерлердің мүдделерін білдіретін қауымдастықтар мен кәсіпкерлер енген.
  • Өңірлік кеңес мүшелері тек қана кеңес жұмысымен ғана шектеліп қалмайды. Қаржы ресурстарына қатысты аудандарға, елді мекендерге шығып түсіндірме жұмыстарын жүргізуге де  атсалысуда.

 

2025 жылдың қаңтарында Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі 55,5-ке жаңартылды%

"Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының сайлау комиссиясы 2025 жылғы қаңтарда сайлау нәтижелерін жариялады және Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің жаңа құрамын бекітті. Жаңарту 55,5% құрады, бұл жаңа идеяларға ұмтылуды және өңірдің бизнесін дамытуға белсенді қатысуды көрсетеді.

Енді Өңірлік кеңес 22 өкілден тұрады, олардың ішінде 12 аудандық және 8 салалық кеңестің мүшелері, сондай-ақ аккредиттелген қауымдастықтардан 2 делегат: "Ақтөбе облысының сүт және сүт өнімдерін өндірушілер қауымдастығы" ЗТБ және "Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау қауымдастығы" ЗТБ. Сайлау 20-22 қаңтар аралығында өтті және 31 өтінім берілді. Дауыс беруді тікелей аудандық және салалық кеңес мүшелері жүргізді.

Жаңа құрамға бұрынғы құрамнан 10 делегат кірді, бұл сабақтастықты да, жаңаруды да көрсетеді. Өңірлік кеңестің құрамына 17 ер адам мен 5 әйел кіреді, олардың арасында әртүрлі деңгейдегі мәслихаттардың 7 депутаты бар. Кеңестің 20 мүшесі саяси партияларда, ал делегаттардың орташа жасы 48 жасты құрайды.

Өңірлік кеңеске 10 ЖШС, 6 ШҚ, 4 ЖК және 2 қауымдастық өкілдері кіреді.

Өңірлік кеңес Кәсіпкерлер палатасы жанындағы бақылау органы болып табылады және 4 жылға сайланады. Оның өкілеттіктеріне палаталардың жұмыс жоспарларын қалыптастыруға қатысу, басшылардың есептерін тыңдау және республикалық деңгейде кәсіпкерлердің проблемаларын шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу кіреді.

Ақтөбе облысы Өңірлік кеңесінің жаңартылған құрамының бірінші отырысы 2025 жылғы 6 ақпанда өтті. Бірауыздан "Дастан"ЖШС құрылтайшысы Асхат Әбдірахманұлы Айтжанов төрағасы болып сайланды.

Өңірлік кеңестің жаңартылған құрамы Ақтөбе облысында кәсіпкерлікті дамыту үшін қуатты қозғалтқыш болатынына сенімдіміз!

Еншілес ұйымдар

Серіктестер