Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес
Құрметті кәсіпкерлер!
Бизнесті қорғауға байланысты мәселелерді тиімді шешу мақсатында «Атамекен» ҰКП қамқорлығындағы кәсіпкерлерді қорғауға арналған Республикалық Кеңес тұрақты түрде жұмыс жасайды. Өңірлік палатада Республикалық Кеңеске сәйкес Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңесі құрылды. Кеңестің құрамына бизнес қауымдастықтардың, партиялық ұйымдардың, жергілікті атқарушы биліктің, мемлекеттік және құзырлы органдардың өкілдері кіреді.
Кеңестің төрағасы болып 2023 жылғы 6 маусымнан бастап "Вест СнабТорг" ЖШС директоры, ӨКП Өңірлік кеңесінің мүшесі, депутат Қозыбақов Ұлан Ермекұлы тағайындалды.
.jpeg)
Кеңестердің ай сайын өткізілетін мәжілістерінде Кеңес мүшелері кәсіпкерлердің өздері және уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының қатысуымен кәсіпкерлік субъектілерінің заңды мүдделерінің бұзылуына байланысты нақты жағдайларды шешу жолдары талқылайды.
ӨКП алаңында бизнес-қауымдастығының өкілдері өздерін толғандырған мәселелері жөніндегі сұрақтарын шенеуніктерге тікелей қоюға мүмкіндіктері бар. Кеңестің әрбір отырысының соңында оның қатысушылары қарарлар қабылдайды, соның негізінде Өңірлік палата кәсіпкерді қорғау және қолданыстағы жүйелік мәселелерді шешу үшін тиісті шаралар жүргізеді.
Кеңестің жұмысы бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жарияланады, ол Кеңеске қоғамдық бақылау түріндегі қосымша құрал болып табылады. Сондықтан туындаған мәселелерін Кеңеске қарауға беретін әрбір кәсіпкердің проблемасы аяқсыз қалмайды.
Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары түскен мәселелер бойынша құқықтық тұжырымдамалар дайындайды, ал кәсіпкерлердің құқықтарының өрескел бұзылу факторы кездескен жағдайда ол талқылау үшін Кеңеске ұсынылады. Осылайша, кәсіпкерліктің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында мейлінше тиімді құралдар құрылды.
Кеңес құрамы:
|
№ п/п |
Т. А. Ә. |
Лауазымы |
|
1 |
Козыбаков Улан Ермекович |
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы |
|
2 |
Куйшинов Руслан Булатович |
Кеңес хатшысы, Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары |
|
3 |
Айтжанов Асхат Абдрахманович |
"Дастан" ЖШС құрылтайшысы |
|
4 |
Вахитов Салават Даутович |
"Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті" РММ басшысы |
|
5 |
Тагиберген Айбек Сакенович |
Ақтөбе облысы прокурорының орынбасары |
|
6 |
Калменов Асылбек Толыбаевич |
"ҚР ҚМ МКК Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" РММ басшысының орынбасары |
|
7 |
Джулаев Алмаз Темирбулатович |
"ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті" РММ басшысының орынбасары |
|
8
|
Сеитбаттал Құндыз Сағынышқызы |
"ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті" ММ бастығының орынбасары |
|
9 |
Агниязов Нурхан Сабыржанович |
Еңбек ардагері
|
|
10 |
Алибеков Досжан Серикович |
"Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" ММ басшысы |
|
11 |
Хамитов Талгат Амангельдиевич |
"Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау қауымдастығы" ЗТБ басшысы |
|
12 |
Бурьянов Владимир Александрович |
Ақпараттық агенттіктің меншікті тілшісі Inbusiness.kz |
|
13 |
Кушкалиев Болат Дюсешович |
Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі |
|
14 |
Махамбетов Нурлан Жанабекович |
Ақтөбе облыстық мәслихатының бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы |
|
15 |
Иманалин Ренат Аймуратович |
"Халықаралық құқық қорғау орталығы" РҚБ бқрф медиаторы, Ақтөбе облысының заң консультанттары палатасының мүшесі |
|
16 |
Калымбетов Алмат Телагисович |
Ақтөбе облысының заң консультанттары палатасының мүшесі |
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі өткізілген және жоспарланған Кеңестердің отырыстарына қатысты барлық сұрақтар бойынша төмендегі байланыс телефондары бойынша хабарласа аласыздар:
|
№ |
ФАӘ |
Қызметі |
Байланыс телефоны |
|
|
1 |
Қозыбақов Ұлан Ермекұлы |
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі Кеңестің төрағасы |
||
|
2 |
Куйшинов Руслан Булатович |
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі Кеңестің хатшысы, ӨКП директордың құқықтық мәселелер бойынша орынбасары |
744-606 |
legalprotection.akx@atameken.kz |
|
3 |
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімі |
744-608 744-606 |
legalprotection.akx@atameken.kz | |
Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы 2025 жылы кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмысының қорытындысын шығарды. Палатаның қызметі кәсіпкерлердің өтініштерін қарауға, сотқа дейінгі және соттағы қорғауға, нормативтік құқықтық актілерге (НҚА) сараптамалық сүйемелдеуге, әкімшілік кедергілерді жоюға және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылға бағытталды.
Бизнес өтініштері
2025 жылы кәсіпкерлерден 287 өтініш келіп түсті:
-
277 өтініш қаралды (10-ы – қаралу үстінде);
-
203 өтініш (73,3%) оң шешімін тапты;
-
74 өтініш бойынша түсіндірме берілді.
Өтініштердің негізгі салалары:
мемлекеттік сатып алулар – 23%, агроөнеркәсіптік кешен – 16%, инвестициялар мен кредиттеу – 11%, азаматтық-құқықтық даулар – 10%, сәулет және құрылыс – 8%, энергетика – 7%, логистика және салық салу – 6%, жер қатынастары – 5%, сауда және құқық қорғау органдарының әрекеттері – 4%.
2025 жылы 22 кәсіпкердің мүліктік құқықтары 5,2 млрд теңге сомасында қорғалды.
Сот арқылы қорғау
Палата 15 сот ісіне қатысты, оның нәтижесінде бизнестің мүліктік мүдделері 861,5 млн теңге сомасында қорғалды.
Даулардың негізгі санаттары: әкімшілік және бюджеттік, салықтық және қаржылық, шарттық және мүліктік.
Маңызды кейстер:
-
«Astana Energo Hub» ЖШС-ін мемлекеттік сатып алулардың жосықсыз қатысушылары тізіліміне енгізу туралы шешімнің күшін жою (41,4 млн теңге);
-
«Эко Ферма 2015» ЖШС құқықтарын қорғау – су тасқынынан келген залалды өтеу мәселесін реттеу;
-
«Шинторг-Центр» және «М-Трио» ЖШС-не қатысты заңсыз нұсқамалар мен бұйрықтардың күшін жою.
Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл
Облыс әкімдігі, прокуратура және мәслихатпен бірлесіп кәсіпкерлікті дамыту, жеңілдетілген қаржыландыру, АӨК-ті және туризмді қолдау, әкімшілік кедергілерді жою мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Нәтижесінде уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсынымдар жолданды.
Жеке қабылдаулар және көшпелі кездесулер
Облыс әкімі мен прокурорының қатысуымен 4 жеке қабылдау өткізілді (48 мәселе), сондай-ақ аудандарда 30 көшпелі кездесу ұйымдастырылды.
Негізгі нәтижелер:
-
индустриялық аймақ кәсіпорындары үшін электр энергиясы тарифінің төмендеуі;
-
инвестициялық жобаларды қолдау;
-
жер үшін жалдау төлемдерін кейінге қалдыру;
-
СНР мөлшерлемелерінің төмендеуі;
-
маусымдық шетелдік жұмысшылар квотасының ұлғаюы;
-
субсидиялау және кепілдендіру үшін 860 млн теңге бөлінуі;
-
сауда павильондары үшін жер учаскелерін жалға алу мерзімдерінің ұзартылуы.
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес
2025 жылы Кеңестің 14 отырысы өтті (оның 2-еуі – көшпелі). 30 мәселе қаралып, оның 19-ы оң шешілді.
Маңызды кейстер қатарында инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, жер және инфрақұрылым мәселелерін шешу, мемлекеттік сатып алулар саласында бизнестің мүдделерін қорғау және негізсіз тексерулердің алдын алу бар.
Бизнесті қорғауды цифрландыру
«Жайсан» өткізу пунктінде кері байланысқа арналған QR-механизм енгізілді. Іске қосылған сәттен бастап 250-ден астам өтініш қабылданып, мемлекеттік органдар мен Палатаның қатысуымен жедел қаралды. Бұл тәжірибе тиімді деп танылып, Ресей Федерациясындағы «Сагарчин» өткізу пунктінде де енгізілді.
Ведомствоаралық жұмыс тобы
2025 жылы бизнесті заңсыз қылмыстық қудалаудың алдын алу мақсатында Ведомствоаралық жұмыс тобы (ВЖТ) құрылды. Палатаның қатысуымен «Аксай Строй-2020» ЖШС-не қатысты қылмыстық іс құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.
Сараптамалық қызмет
2025 жылы нормативтік құқықтық актілер жобалары бойынша 132 сараптамалық қорытынды берілді (оның 30-ы ескертулермен).
Жұмыс нәтижесінде 2026 жылға көпшілік аудандарда арнайы салық режимі мөлшерлемелері 2%-ға дейін төмендетілді, бұл Палатаның заңдылықты қамтамасыз етудегі және кәсіпкерлердің мүдделерін қорғаудағы рөлін айқындайды.

