Бизнесті сервистік қолдау
Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасы бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету құралдарын қоса алғанда, бірқатар қызметтерді ұсынады:
- бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты мыналарды қамтитын көрсетілетін қызметтер
- бизнес-жоспарды әзірлеу бойынша қызметтер.
Қызметтер офлайн режимінде және онлайн режимінде https://g4b.kz/ сайтында ұсынылады.
Барлық жоғарыда аталған қызмет түрлері тегін көрсетіледі.
Толық ақпаратты Кәсіпкерлер палатасынан алуға болады: Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы, 22 "К". 8 7132 744 – 615, 8 7132 744-616
Сall-Center - 1432
Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ақысыз ақпараттық-кеңес беру қызметтерін көрсететінін хабарлайды.
Атап айтқанда:
Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттандыру және кеңес беру бағыты бойынша:
1) шағын және орта бизнес субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қаржылай және қаржылай емес қолдау шаралары туралы хабардар ету;
2) кәсіпкерлік қызметті бастауды жүргізу бойынша кеңес беру (ОКЭД-ны және оңтайлы салық жүйесін таңдау бойынша);
3) шарттардың үлгілерін және бастапқы бухгалтерлік есеп құжаттарын дайындау бойынша кеңес беру;
4) екінші деңгейдегі банктерде, қаржы ұйымдарында және даму институттарында қаржыландыруға дейін және одан кейін қажетті құжаттарды жинау қызметі;
5) бизнес-жоспарлау бойынша кеңес беру.
Құқықтық және рұқсатнама құжаттарын алу мәселелері бойынша:
1) шағын және орта бизнес субъектілерін мемлекеттік, тіркеу, қайта тіркеу және оны жою мәселелері бойынша кеңес беру;
2) рұқсатнама құжаттары мен лицензияларды алу сұрақтары бойынша кеңес беру;
3) сатып алуларға/конкурстарға/тендерлерге және жер телімін алу үшін құжатарды жинау мен өтінімді толтыру бойынша қызмететер алу;
4) инженерлік желілерге (кәріз, газбен, сумен және электрмен жабдықтау) қосу кезінде құжаттар мен техникалық шарттарды алу бойынша қызметтер алу.
Қызметтер тегін ұсынылады және жұмыс күндері көрсетіледі.
Сондай-ақ бұл қызметтерге https://g4b.kz/ порталы арқылы онлайн тапсырыс беруге болады.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша аудандық КҚО келесі мекенжайлар бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз:
Әйтеке би ауданы, Темірбек Жүргенов ауылы, Абылай хан көшесі22, тел. 8 71339 79029;
Алға ауданы, Алга қаласы, Байтурсынов көшесі 20, тел. 8 71337 792 49;
Байганин ауданы, Карауылкелды ауылы, Д.Қонаев көшесі 36, тел. 8 705 604 8842;
Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылы, Т.Жүргенов көшесі 28А , тел. 8 71343 79057;
Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Әбілқайыр хан көшесі 18, тел. 8 71342 79028;
Қобда ауданы, Қобда ауылы, Копжасаров көшесі 25, тел. 8 71341 2 21 05;
Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылы, Жамбыл көшесі 83, тел. 8 71331 79085;
Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Тәуелсіздік көшесі 11, «Алатау» сауда орталығы тел. 8 71333 79001;
Темір ауданы, Шұбарқұдық ауылы, Байғанин көшесі13А, тел. 8 71346 2 21 94;
Ойыл ауданы, Ойыл ауылы, Кокжар көшесі 69, каб. 312, тел. 8 71332 79002;
Хромтау ауданы, Хромтау қаласы, Шиловский көшесі11В, тел. 8 71336 59056;
Шалқар ауданы, Шалқар қаласы, Әйтеке би көшесі 67, тел. 8 71335 49290