«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнес-жоба: Омарташылар тәтті кәсіптің қыр-сырымен бөлісті

2017 жылғы 05 Мамыр
- Ақтөбе облысы
7545 просмотров

Ақтөбеде омарташылық бойынша семинар өтті 

Александр Сенацкий – Қарғалы ауданы Петропавл ауылындағы «Медовик» шаруа қожалығының басшысы.  Шаруа бұл кәсіпке 27 жыл арнаған, сала бойынша білігі де жақсы. Енді кәсіпкер шаруашылығын ұлғайтпақ ойы бар. Бүгінде омартада 4 түрлі бал жасалады.

Айта кетелік, Александр «Ақтөбе омарташылары» ауыл шаруашылығы коопреативінің төрағасы болып қызмет етеді, кооператив құрамында 25 кәсіби бал арашы мен өңірдің бал шаурашылығы әуесқойлары кірген.

Бүгін коопартив мүшелері бал ара, қажетті құралдар мен жабдықтарды сатып алу бойынша, сонымен қатар балды сату туралы мәселелерді талқылауда. Омарташылар былтыр ӨКП мен жергілікті әкімдік қолдауымен ауыл шаруашылығы кооперативын құрған болатын. 

 «Атамекен» ҰКП біліктілік орталығымен ұйымдастырылған семинар барысында Александр Сенацкий балды дайындау үдерісі туралы дәріс оқыды. Семинарға тәжірибе алмасу үшін өңірдің омарташылары келген. Олардың қатарында омартасы бар және бал шаруашылығын бастағысы келетін ынталы азаматтар болды. Сонымен қатара шараға «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ мамандары да шақырылды.

«Қарғалы балы, сырттан келетін балдан әлде қайда дәмді – дейді Александр Сенацкий – оның құнарлылығы жақсы және пайдалы қасиеттері көп. Бұл біздің омарташылығымыздың өзгешелігінен орын алады. Мәселең оңтүстік өңірде ара ұрасында бал бір айда піссе, бізде ол үдеріске жарты жыл керек. Сондықтан өнімде полисахаридтердің жұрнағы да болмайды. Бұндай бал сусамырмен ауыратын адамдарға ем».

 «Интенсивті омарташылық технологиялық әдістерді дамыту мен жетілдірудің негізі»  атты негізгі дәрісті «Атамекен» ҰКП агробіліктілік орталығы сарапшысы Қазақстан омарташылары ұлттық одағының вице-президенті Нұрәділ Ғабит оқыды.   

Шара барысында кәсіпті дұрыс ұйымдастыру, араларды қыстату, омарташыларды оқыту, субсидия алу сынды сұрақтар талқыланды.  Ал омартаның өзінде практикалық біліктілік сыналды.  Кооператив мүшелері семинарда «сұйық янтарь» технологиясы бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды. Өзін-өзі оқыту тегін жүргізілді.  

Сонымен қатар Қазақстан омарташылары ұлттық одағының  қолқа салуымен ақтөбелік шеберлер Израил мемлекетінің Машав атты бағдарламасының іріктеуіне қатысуға мүмкіндік алды.

Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасы осындай 8 семинар өткізбек. Онда бордақылау алаңдары, сүтті-тауарлы фермалар, өсімдік және аквомәдениет шаруашлықтары тақырыптары талқыланады. 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер