«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жанармай құю станциясы иелерін не толғандырады?

2018 жылғы 14 Қараша
2658 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің кезекті отырысы Данияр Әбілғазиннің төрағалығымен, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Елдос Рамазановтың, бизнес өкілдерінің қатысуымен өтті.

«KAZENERGY» қауымдастығының бас директоры Әсет Мағауов хаттамалық тапсырмаларды орындау барысы және қауымдастықтың қызметі, қазіргі жағдайы туралы хабарлады.

Отырыста бензинтасушы, газтасушы көліктердің осьтік жүктемесіне қатысты мәселе қаралды. Қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес тартатын жүктемесі бір тоннадан асатын көлік құралдарымен жүкті тасымалдауға тыйым салынған. Мұнай өнімдерін тасымалдайтын көлік нақ осы санатқа жатады.

Тасымалдаушылар ҚР Инвестициялар және даму министрлігінен преференциялар беру туралы сұрады.

«Бірінші кезекте біздің алдымызда қауіпсіздік мәселесі тұр. Өйткені бензин тасушы көліктердің «жүксіз» болуына жол берілмеу керек, себебі ол көліктің аударылуына әкеп соқтырады. Егер Еуропа елдерін қарайтын болсақ, оларда 80% - дан кем толтырылған жүкті тасымалдайтын автоцистерналарды пайдалануға тыйым салынады. «Атамекен» бұл мәселені уәкілетті органмен пысықтап, бақылауда ұстайды», - деді Елдос Рамазанов.

Алайда еліміздің барлық бизнесмендері үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктерді сақтау қажеттігіне сілтеме жасай отырып, ҚР ИДМ кәсіпкерлерге қолдау көрсетпей отыр.

«Салық кодексіне сәйкес және оське шамадан тыс жүк тиеуге байланысты орташа тариф 1 км - ге 1000 теңгені құрайды, мұнай базасынан облыстардағы ЖМС – ға дейінгі орташа қашықтық 200 км құрайды және рейс үшін шамамен 200 000 теңге төлеу керек, бұл ЖМС рентабельділігіне қатты әсер етеді», - деп хабарлады Қазақстандық отын қауымдастығының Басқарма төрағасы Болат Әуетаев.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінде көлік мәселелері жөніндегі заң жобасы қаралып жатыр, онда тасымалдау талаптарын күшейту және осьтік жүктен асатын көлік құралдары үшін арнайы рұқсат беруді болдырмау ұсынылған. Мемлекеттік орган берілетін арнайы рұқсаттардың тізбесін кеңейтуді және онда цистерналарда сұйық жүктерді тасымалдайтын көлік құралдарын қосуды ұсынады. Қазақстандық отын қауымдастығы бензин тасушы, газ тасушы көліктерді өлшеу кезінде жалпы массаны ғана өлшеуді ескеру керектігін айтады.

«Комитет ұсынысты қолдайды. Бұл АЖҚС мен АГҚС қаржылық шығындарын қысқартуға және арнайы рұқсаттардың құнын арзандатуға мүмкіндік береді. Мәселе шынымен де бар, ұлттық Палатадан мәселені одан әрі бақылап, көмек көрсетуін сұраймыз», - деді Данияр Әбілғазин.

Данияр Әбілғазин атап өткендей, қауіпсіздік мәселесі бүгінгі күні аса маңызды.

Сондай-ақ, отырыс барысында ЖҚС алкоголі әлсіз сусындардың сатылуына тыйым салудың күшін жою туралы да айтылды. Қазақстанда жанар-жағар май станцияларында алкоголі әлсіз сусындарды сатуға тыйым 2014 жылдан бастап енгізілді. Бастамашылардың пікірінше, алкоголь автокөлікті пайдалануда қажетті ілеспе тауар саналмайды және спирттік ішімдікті жүргізушілердің рөлде ішуіне ықпал ететін қосымша фактор, деп айту екіұшты пікір.

Қазақстандық отын қауымдастығындағылар қолданыстағы тыйым салудың іске еш қатысы жоқ екеніне сенімді. Трасса бойында тұрған қарапайым дүкендерде алкоголь толық ассортиментте сатылады, ал сол сияқты жол бойындағы ЖҚС дүңгіршектерінде қоюға мүлдем рұқсат жоқ.

«Тыйым салынғаннан кейін спирттік ішімдіктер ғана емес жалпы өнімді сатудың деңгейі түсіп кеткен, оның үстіне сатып алушыға барлық тауарларды бір жерден алу тиімді», - деп мәлімдеді Болат Әуетаев.

Бүгінгі күні ТКТ мәліметтеріне сәйкес, ЖМС жанындағы дүкендерде тауарларды сатудан түскен кіріс барлық рентабельділіктің 10-15% - ын әкеледі. Салыстыру үшін, Еуропада отындық емес тауарларды сату әр түрлі бағалаулар бойынша АЖҚС 60-тан 70% - ға дейін пайданы құрайды.

Осылайша, автожанармай құю станциялары желісінің отындық емес бизнесі дұрыс іске асыру және қолдау кезінде ЖЖМ сату сияқты және тіпті негізгі өнімді сатудан артық пайда әкелуі мүмкін. Мұндай тәсіл еуропалық ЖҚС ЖЖМ маржалығын ұлғайтпауға және оларға бағаның өсуін тежеуге мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, «Атамекен» ҚР ҰКП Қаржы министрлігіне ЖМС алкоголі әлсіз сусындарды сату мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

«Бизнестің өзі рөлде отырып алкоголь ішуге қатаң түрде қарсы екенін түсіну керек. Жүргізуші қалауынша 200 метр қашықтықта тұрып, көрші дүкеннен спирттік ішімдік сатып алады. Алайда егер оның кассалық аппаратпен және терминалмен жабдықталған сауда нүктесі болса, онда неліктен ЖМС шектейміз? Ұлттық палата бизнесті қолдайды, бүгін ЖМС жанындағы дүкендер халық тұтынатын тауарлармен толыққанды супер маркеттер», - деді Елдос Рамазанов.

 

«Жанар - жағар май станцияларында алкогольді сатуға тыйым салмайтын, баға шегі мен бизнестің табыстылығына әсер етпейтін, тек қандай да бір уақытша шектеулер ғана қарастырылған дамыған елдердің тәжірибесін қабылдау керек шығар», - деді Данияр Әбілғазин.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер