«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасы

Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы - "Атамекен" ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының аумақтық бөлімшесі, ол "Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2013 жылғы 22 қазанда құрылған, сондай-ақ бизнес пен биліктің тиімді әріптестігі негізінде даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында кәсіпкерлік субъектілерін біріктіретін коммерциялық емес, өзін-өзі басқаратын ұйым.

Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы қызметінің негізгі бағыттары:

1. Оқыту, кеңес беру, кәсіпкерлерді бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары, бизнесті жүргізу, заңнамалық талаптар мен жаңалықтар және т. б. туралы хабардар ету.

2. Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау, әкімшілік кедергілерді және бизнестің жүйелі проблемаларын аудандар, өңірлер, республика бойынша анықтау және шешу.

3. Отандық өндірістерді дамытуға және тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі қазақстандық қамту үлесін арттыруға жәрдемдесу, бизнес-жобаларды және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу;

4. Ақтөбе облысының кәсіпорындарында талап етілетін мамандарды кәсіби даярлауға жәрдемдесу.

5. Ақтөбе облысының агроөнеркәсіптік секторын дамытуға және ауыл шаруашылығы саласындағы бизнес проблемаларын шешуге жәрдемдесу.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша кәсіпкерлерден "Атамекен" ҰКП call-орталығына 1432 нөмірі бойынша хабарласуды сұраймыз.

Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасының әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі парақшалары:

Facebook: https://www.facebook.com/groups/AktobeBiz/ (Бизнес в Актобе и Актюбинской области)

Instagram: @palataatameken_aktobe

Telegram: t.me/business_aktobe04

 

 


Сұлупан Панақызы Шынтасова

Директор

Ақтөбе қаласы, Сәнкібай батыр даңғылы, 22К "Қазына" БО

Өңір жаңалықтары

Regional

Қызметтер

Бизнес-нұсқаулық

Барлық нұсқаулықтар
431.07
485.51
67.47
5.69
АЕК - 2 778 теңге
ЖТМ – 42 500 теңге

Байланыс

Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр, 19
+7 (7172) 919 393 (факс)
+7 (7172) 919 390 (кеңсе )

Серіктестер