«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбеде базар саудагерлерінің жұмыс орны сақталады

2018 жылғы 25 Мамыр
- Ақтөбе облысы
5529 просмотров

Маусым айының соңына дейін сауда орнындағы өрт қауіпсіздігі қалпына келтіріледі

Ақтөбедегі Орталық базарды жалға алушылардың мәселесін шешу үшін сауда орындарындағы өрт қауіпсіздігін тексеру және жалға алушыларды орналастыруға қатысты шұғыл жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобының құрамына облыстық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, Ақтөбе қаласы әкімдігі, Төтенше жағдайлар басқармасының лауазымды тұлғалары мен бизнесмендер кірді.

Жүргізілген тексеру нәтижесінде Төтенше жағдайлар органы өрт қауіпсіздігіне қатысты олқылықтарды түзету үшін сауда нысанының жұмысын тоқтату туралы сотқа талап арызын берген. Барлық заң бұзушылықтарды қалпына келтіру үшін 2018 жылдың 28 маусымына дейін мерзім берілген.

Тиісті ақпаратты базар әкімшілігі жалға алушыларға ауызша түрде жеткізді. Бірақ кәсіпкерлер бұл ақпаратқа қуанбады, себебі жалғыз табыс көзі осы базарда еді.

«Жұмыс тобы аумақты тексеріп, базар әкімшілігі айтылған ескертулерді орындауға кірісіп кеткенін көрді, өрт сөндіру көлігі кіретін жолды да ашқан. Мұнымен қоса өрт сөндіру жолында тұрған 15 сауда орнын көшіру де қарастырылған яғни барлық кәсіпкерге сауда орны қарастырылады. Базар әкімшілігі барлығын 26 маусымға дейін түзеуге міндетті», - ­ деп хабарлады Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары, жұмыс тобының мүшесі Руслан Күйшинов.

Осылайша, 26 мамырдан бастап базар қалыпты тәртіпте жұмыс істейді, саудагерлерге жұмыс орны беріледі.

Еске салсақ, 25 мамырда Ақтөбеде Орталық базар саудагерлері жолды жауып, сауда орнын босату қажеттілігі туралы ақпаратқа наразылықтарын білдірген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер