Форс-мажор. ҚР Азаматтық кодексі
ҚР Азаматтық кодексі. 359-бап. Мiндеттеменiң бұзылғандығы үшiн жауапкершiлiк негiздерi
1. Борышқор кiнәлi болған кезде, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, мiндеттеменi орындамағаны және (немесе) тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн жауап бередi. Егер борышқор мiндеттеменi тиiстi дәрежеде орындау үшiн өзiне байланысты шаралардың барлығын қолданғанын дәлелдесе, ол кiнәсiз деп танылады.
2. Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырған кезде мiндеттеменi орындамаған немесе тиiстi дәрежеде орындамаған адам, егер бой бермейтiн күштiң, яғни осы жағдайлар кезiндегi төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайлардың (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және т.б.) салдарынан тиiстi дәрежеде орындауға мүмкiндiк болмағандығын дәлелдей алмаса, мүлiктiк жауаптылықты көтередi. Ондай мән-жайларға, атап айтқанда, мiндеттеменi орындау үшiн қажеттi тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетудiң рынокта болмауы жатпайды.
Заңдарда немесе шартта жауапкершiлiктiң және одан босатылудың өзге негiздерi ескерiлуi мүмкiн.
3. Мiндеттеменi әдейі бұзғаны үшiн жауапкершiлiктi жою немесе шектеу туралы алдын ала жасалған шарт маңызсыз болады.
Ескерту. 359-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі толығырақ
электронды мекенжай: info.icc.kz@gmail.com
Вернуться ко всем вопросам
Бизнесті қолдау
- Сервистік қолдау
- Адами капиталды дамыту
- Сатып алу туралы ақпарат
- СЕРТИФИКАТТАУ
- Аймақтық Іскер әйелдер Кеңесі
- МҚО "Atameken Aktobe"
Хабарландырулар
Өңірлік кеңес
- Мақсат пен міндет
- Өңірлік Кеңесінің құрамы
- Өңірлік Кеңес отырыстарының хаттамалары
- Өңірлік кеңес жанындағы комитеттер
САЛАЛЫҚ КЕҢЕСТЕР
Бизнесті корғау
Экспорт