«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ақтөбелік «Стройдеталь» зауыты былтыр 100 мың текше метр темір бетон шығарған

2015 жылғы 05 Наурыз
- Ақтөбе облысы
12666 просмотров

Компания құрылыс материалдары нарығында 47 жыл бойы қызмет етіп келеді. Бүгінде осы көп салалы кәсіпорын Қазақстанның ірі темір бетон зауыттарының қатарына кіреді.

Компания Батыс Қазақстанның құрылыс нысандарына темір бетон өнімдер, керамзитті қиыршық тас, әктасты негізгі жеткізуші болып табылады. Кәсіпорынның алты цехында бетон және темір бетон өнімдердің мыңнан астам түрі шығарылады. Зауытта керамитті қиыршық тас, қосынды және құрылыстық әктас, діріл сығымдағыш бетондық қатарлық және қаптағыш тастар, тауарлық бетон сияқты басқа да құрылыс материалдарының түрлі номенклатурасы бар.

Құрама темір бетон құрылыстың барлық түрлеріне арналып шығарылады. Оған автомобиль жолдары көпірлеріне, жол және аэродром жабындарына, энергетикалық, мұнай-газ шаруашылығы және инженерлік құрылымдарға қажет арнайы нысаналы мақсаттағы өнімдер кіреді. Өнімдер «Tensyland», «Weiller», «Pedershaab» және «Compakta-3000» сияқты батыс фирмаларының жабдықтарында заманауи еуропалық технологиялар бойынша өндіріледі. Зауыт өнімі Қазақстан Республикасы техникалық реттеу мемлекет жүйесінде сертификатталған.

«Қаңтарда 6 мың тонна кремзит, 6 мың текше метр кеуекті плита мен 8 мыңнан астам текше метр темір бетон жөнелтіліп, бұл Ақтөбе облысы мен еліміздің батыс өңіріндегі кейбір жерлерді толығымен қамтамасыз етті. Екі жыл бұрын біз кернеуалды кеуек плиталарды өндіру жөніндегі желіні іске қосқан едік. Ғимараттар мен тұрғын үйлерге арналған жабындарды алдыңғы қатарлы неміс технологиясымен отандық шикізаттан жасаймыз. Энергетикалық шығынның төмендетілуі есебінен өнімнің соңғы құны 30%-ға түсіп, бұл құрылыс плиталарына деген сұранысты айтарлықтай көтерді», - дейді керамзит және әктас өндірісі жөніндегі цех бастығы Жайықбай Оразбаев.

Кәсіпорынның клиенттік базасында бүгінде мыңнан астам құрылыс компаниясы бар. Made In Aktobe өнімін мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй тұрғызатын негізгі құрылыс компанияларының бірі қолданып жүр. Былтырғы жылдың өзінде «Ақтөбе Сәулет» ЖШС компаниясы отандық құрылыс материалдарынан аумағы 40 мың шаршы метрден асатын тұрғын үй тұрғызған.

Әсия Нұрпейісова


Еншілес ұйымдар

Серіктестер