«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкер үшін маңыздысы - заңдастыру!

2015 жылғы 25 Мамыр
- Ақтөбе облысы
13610 просмотров

Шалғайдағы жеке ісін ашушы тұрғындардың ұсақ саудадан бастайтыны құпия емес: біреулер заттар сатумен айналысса, келесілер халыққа азық-түлік сатады. Бірақ кәсіпкерлердің үй-жайды қандай да бір рұқсат құжаттарынсыз сауда нүктесі етіп тұрғызу оқиғалары жиі кездеседі. Оның үстіне олар осы құжаттарсыз жылдар бойы жұмыс жасауы мүмкін.

Оның себебі де түрліше: аудандарда кез-келген мәселе бойынша кеңес беруге дайын білікті заңгерлердің жоқтығы, және де табалдырық тоздырып, заңдастыруға қажет құжаттар тобын жинауға уақыттың жетіспеушілігі байқалады.

Облыстағы 12 аудан мен Ембі қаласында Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы филиалдарының құрылуымен ауылдықтардың көптеген мәселелері шешімін тапты. Оған соңғы орын алған жәйт куә.

«Бізге Көктау кентінде тұратын жеке кәсіпкер Шолпан Мамбетжанова екі дүкенін заңдастыруға жәрдем көрсетуді сұрап өтінішпен жүгінді. Кәсіпкер дүкендерін 2013 жылы салған болып шықты, алайда екі жыл ішінде ол құрылысқа қажет құжаттарды ресімдемеген», - деді істің мәнін түсіндіріп Хромтау ауданындағы ӨКП филиалының директоры Жаңыл Шегірбаева.

Хромтау филиалының заңгері Светлана Болатпаева кәсіпкерден сенімхат алып, барлық құжаттарды жинаумен айналысты және мемлекеттік органдарға өзі тапсырды.

«Жақында заңдастыру туралы комиссия шешімін алдым. Әрине, бұл мәселемен өзімнің айналысуыма да болар еді, алайда консультация алуға мүмкіндік болмады, кабинеттен кабинетке қуды, сөйтіп, Палатаға жүгіндім. Филиал ұжымының жедел көмегіне алғысым шексіз. Осындай қорғаушымен бизнес жүргізу жеңіл болады!», - деді кәсіпкер Шолпан Мамбетжанова.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер