«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Байқау өткізілді

2015 жылғы 02 Шілде
- Жетісу облысы
11133 просмотров

Сервистік қызметтер сатып алулары жөніндегі байқауға қатысуға алты компания өтінім берді

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасында «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында әрекеттегі бизнесті сервистік қолдауды жүзеге асыру үшін компанияларды іріктеу комиссиясының отырысы өтті.

Комиссия құрамына Өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшылығы, мемлекеттік органдар мен облыстық Мәслихат өкілдері, Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің мүшелері кірді. Жүргізілген бейнетүсірілім іс-шараның ашықтығын қамтамасыз етті.

«Былтырғы жылы жеті лот мәлімделгені белгілі. Төрт лотты Өңірлік кәсіпкерлер палатасы өзбетінше орындады. Сервистік қолдау облыстағы 16 аудан мен үш қалада табыспен жүзеге асырылып, екі мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісіне көрсетілді. Биыл ӨКП сегіз сервистік лоттың 50%-н өз бетінше орындайды, төрт лот бәске тігіледі», - деді отырысты аша отырып Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ләззат Шыңғысбаева.

Отырыс барысында алты компания өтінімі қаралды: «ЖанАсКонсалт» ЖШС, «Атамекен» Талдықорған Кәсіпкерлер одағы Қауымдастығы» ЗТБ, «Consult Service Group» ЖШС, «Big Sevens @ Consulting» ЖШС, «Sabon@K» ЖШС және «Komek Consult» ЖШС. Комиссия хатшысы, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Бизнесті сервистік қолдау бөлімінің бірінші санатты сарапшысы Әсем Байтағұлова іріктеуге қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашты және ондағы құжаттар тізбесін жария етті.


Ұқсас жаңалықтар:

Барынша ашықтық
25 Маусым
2015
Ақтөбе облысы
Конверттер ашылды
18 Маусым
2015
Солтүстік Қазақстан облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер