«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Баға көтерілуінің тізбектік реакциясы

2015 жылғы 28 Шілде
- Павлодар облысы
14933 просмотров

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы жылу тарифінің көтерілуіне үзілді-кесілді қарсы!

Павлодарда «Алюминий Қазақстан» АҚ жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметтерге деген тарифтар мен тарифтік сметалардың шектік деңгейі жобасын қарау бойынша жария тыңдаулар өтті. 

ЖЭО-1-ге иелік ететін және қаланың оңтүстік бөлігін жылумен жабдықтайтын монополист антимонополиялық ведомствоға өтінім берді. Өтінім бекітілген жағдайда күзде павлодарлықтарды жылу тарифінің көтерілуі күтіп тұр. Ол 1 Гкалл үшін 1352 теңге құрайды. Оның үстіне бұл айтарлықтай өсім, ал түсіндірмесі әдеттегідей – инфляция және желілер мен нысандарды ұстауға кететін өсіп келе жатқан шығындар, бағалар өсуі есебінен материалдық шығынның көбеюі, негізгі қорлардың ұлғаюына әкелмейтін жөндеу жұмыстары көлемінің ұлғаюы, кәсіпорынның жеке қаражаты есебінен жүргізу жоспарланып отырған инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру.

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы сараптау кеңесінің мүшесі ретінде аталмыш жағдай төңірегінде өз ұстанымын білдірді: ол жылу бағасының осылайша кенет көтерілуіне қарсы. Палата сарапшыларының ойынша, бұл өңір кәсіпкерлеріне тікелей кері әсерін тигізеді. Бірақ бұл бәрінен бұрын шағын бизнеске тиеді. 

Сараптау кеңесінде ЖЭО-1 басшылығына жергілікті жоғары оқу орындарының инновациялық зерттемелерін енгізу мүмкіндігін пысықтау ұсынылды. Бұл өндірістік цехтар жұмысының жоспардан тыс тоқтауын, сәйкесінше, қазандықтарды іске қосуды болдырмауға мүмкінік берер еді, ал бұл монополист шығынын төмендетеді.

"Сол желілерді шынайы жөндеуге бөлінген ақшаның нақты қанша сомасы жұмсалғанын санау аса қиын болып отыр. Электр энергиясына немесе суға тарифтер көтерілген бетте, жалпы инфляция деңгейі өсе бастайды. Сонымен бірге базарлар мен дүкендерде сатылатын тауарлар қымбаттап кетеді. Ал азық-түлік базары – бұл азаматтарымыз үшін ең маңызды және жанға бататын сараланым. Сондықтан да, сараптау кеңесінің кәсіпорынға келіп, кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасының орындалу барысын өз көзімен қарағаны дұрыс болар еді деген ойдамын» - дейді Өңірлік палата директоры Райхангүл Сатабаева.

«Қалай дегенмен де, кәсіпкерлер өздері сататын тауарларының құнын көтеруге мәжбүр болады. Өкінішке орай, отандық баға қалыптасуының бұлтартпас қисыны осы. Ешкім де зиян шеккісі келмейді. Барлығы да бір тізбектің бөлшектері. Бір тізбектегі баға көтерілуі басқаларындағы өсімге сеп болады» - деп есептейді «Казэлектромотор» ЖШС директоры Жанкісі Сартаев. 

Монополист кәсіпорын басшылығы Палата енгізген негізделген және біршама жаңа тарифтерге жоспарлы көшу жөніндегі ұсыныстарды қарауға уәде берді. 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер