«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сапа – жетістік кепілі

2015 жылғы 28 Шілде
- Ақтөбе облысы
10028 просмотров

Ақтөбеде Өңірлік кәсіпкерлер палатасының жәрдемімен бөтелкедегі ауыз су шығару жөніндегі жаңа өндіріс іске қосылды

«СанТехТрейд Ақтөбе» ЖШС өндіріс ашуға екі жылға жуық уақыт кетірді. Осы уақыт бойында мұндағылар өнімнің сапасы жөніне ғана емес, бағасының қолжетімді болуын да қарастырды. Нәтиже ойлағаннан жоғары болып шықты – «Алмаз» суының табиғи құнын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Кардиология және ішкі аурулар» ҒЗИ растап отыр.

Компания технологы Болат Исламовтың айтуынша, су ультракүлгін сәулелермен өңделеді, ал бұл судың құрамы мен қасиетіне әсер етпестен зарарсыздандыруды жүргізуге мүмкіндік береді.

«Бұл су сипаттамасы жөнінен ультра тұщы болып табылады, оңтайлы түрдегі төмен қаттылыққа ие, сілтілілігі де оңтайлы және құрамында хлор қосылыстары жоқ. Технологиялық желі көп жылдық жұмыс өтілі бар қытайлық компаниядан алынған. Мұндай цехтар АҚШ, Жапония, Канада және Ресейде әрекет етеді», - дейді palata.kz-ке компания қызметкері.

Су күн сайын ыңғайлы ыдыстарға құйылып отырады: 0,33 миллилитрден 19 литрге дейін. Ылғалды «Төменгі қарғалы» жер асты сулары орнынан алады. Суды даярлау желісінің қуаттылығы – жылына 11 млн литр. Кәсіпорын ай сайын түрлі сыйымдылықтағы 800 мың бөтелкені бөлшек саудаға жеткізе алады.

«Компания өкілдеріне бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасына қатысуға консультация бердік. Нәтижесінде жоба жылдық 6%-бен 60 миллион теңгеге қаржыландырылды. Кәсіпкерлер палатасы болашақта жергілікті супермаркеттер желілері арқылы өнім өткізуге қолдау көрсететін болады», - деп атады өңірлік Кәсіпкерлер палатасы жобаларды сүйемелдеу бөлімінің бастығы Бауыржан Дарқұлов.

Ақтөбелік компаниялар «Алмаз» суының сапасына баға беріп қойды. Мәселен, 120 адамнан тұратын ұжымы бар «KEGOC» АҚ жергілікті филиалы өз қызметкерлері үшін су жеткізуге бір жылдық шарт жасасты. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер