«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қолдан келгенше көмектесеміз

2015 жылғы 05 Тамыз
- Ақтөбе облысы
10145 просмотров

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының жәрдемімен қобдалық кәсіпкер дәмхана құрылысын бастап кетті

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қобда аулының тұрғыны Татьяна Жаданова дәмхана ашуды көптен армандап жүрген еді. 2015 жылғы маусым айында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 3 000 000 теңге кредит алуға бел буады. Қаржы институтының шарты бойынша нысанды тұрғызуға барлық рұқсат ету құжаттарды ұсыну қажет болады.  

«Құжаттама пакетін даярлау біраз уақыт пен күшті қажет етті. Неден бастап, нені қолға аларымды білген жоқпын. Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының Қобда ауданындағы филиалының директоры Сәлім Құстұртовқа жүгіндім», - дейді кәсіпкер.

«Татьяна бізге нысан құрылысына рұқсат ету құжаттарын алуға жәрдем көрсетуді сұрап келді. Біз қор менеджерімен сөйлесіп, кәсіпкер үшін ілеспе хат даярлап, оған жер телімін сатып алу-сату шартын, Қобда ауданы әкімінің Қаулысын, жұмыс жобасына санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны тіркедік. Қор өтінімді жедел түрде қарап шығып, қазірде Татьяна Жаданова кредит алды және дәмхана құрылысына кірісіп кетті», - деп Сәлім Құстұртов жақсы жаңалықпен бөлісті. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер