«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Идеядан шаруашылыққа дейін

2015 жылғы 14 Тамыз
- Ақтөбе облысы
10160 просмотров

Ақтөбелік малшылар бизнесті дамыту үшін жеңілдікті кредиттерді пайдаланады

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы Бизнесті сервистік қолдау бөлімінің бастығы Ержан Нұрғалиев көрсеткен көмектің арқасында Алға ауданы Маржанбұлақ ауылында «РУС Арт» ЖШС шаруашылығы пайда болды.

Руслан Шүйіншәлин бірнеше жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысып келеді. Халыққа қызмет көрсетеді. Биыл бизнесмен Кәсіпкерлікті дамыту орталығына кеңес сұрап келді.

«Руслан басқа бағытта өз күшін сынап көрмекші болады. Болашақта барлық отбасын қосуға болатын істі құрғысы келеді. Оған мал өсіру шаруашылығын құруды ұсындық. Әрине, бұл аса зор күш пен қаражатты қажет етеді, бірақ ол тайынған жоқ», - дейді Ержан Нұрғалиев.

КДО Русланға идея айтып қана қоймай, кәсіпкерлерді қолдаудың қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалары жайлы консультация береді. Сонымен бірге кредит алуға қажет барлық құжаттарды тез арада дайындап беріп, жобаны сүйемелдеуді қолға алады.

Кәсіпкер шағын-ферманы Алға ауданында бір жыл ішінде салып шықты. Руслан Шүйіншәлинге жер телімі мен шабындық жер беріледі. Сиырлар сатып алуға 52 миллион теңге мөлшерінде жеңілдікті кредит ресімделеді. Қарыздың 7%-ын  мемлекет субсидиялайды және негізгі қарызды төлеуге екі жылға мерзімді ұзартады. Шаруа қожалығының басшысы маусым айында симменталь тұқымдас 50 башқұрт сиырын алып келді. Асыл тұқымды сиыр бір тәулікте 25 литр сүт береді. Сүт, қаймақ, ірімшік өндірумен айналысу үшін, табиғи өнім жетіп артылады.

«Басты түйткіл – жақсы малшылар мен сауыншыларды табу. Кадрлар табуда салмақты түйткілдер орын алып отыр. Шаруашылығымның маңында 80 үй бар, бірақ әйелдердің ешқайсысы жұмыс істегісі келмейді. Нұсқалар іздеп, адамдарды тартып жатырмыз», - деп бөлісті түйткілімен шаруа қожалығының басшысы.

Асыл тұқымды сиырлар алғашқы төлін де беріп үлгерді. 25 бұзау табынды тұқымдық өзгертуге жіберіледі. Руслан сиырмен бірге құс фермасын да ашты: жүздеген күркетауық, қаздар бар мұнда. Балалар үшін бірнеше пони әкелу де жоспарында бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер