«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қарқынды азайтыңыздар!

2015 жылғы 14 Тамыз
- Ақтөбе облысы
10085 просмотров

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы «ҚазТрансГазАймақ» АҚ жергілікті филиалының қызметін тексеруді сұрайды

Оған жобалау компаниялары тарапынан түскен шағымдар себеп болып отыр.

Палатаның әкімшілік кедергілерді төмендету жөніндегі бөлімінің бастығы Сағынғазы Құрманәлиннің айтуынша, 2015 жылғы мамыр айында Палатаға «Инженерлік желілер және еңбекті қорғау» ЖШС, «Саяко» ЖШС, «Газстройкомплект» ЖШС және тағы бірнеше компания «ҚазТрансГазАймақ» жергілікті филиалының заңсыз әрекеттеріне шағыммен жүгінген.

Мән-жайды анықтау және мәселені жан-жақты зерттеу мақсатында 2 маусымда Палатада жүгінуші компаниялар, Ақтөбе облысы табиғи монополияларды реттеу жөніндегі департаменті, мемлекеттік сараптау және «ҚазТрансГазАймақ» АҚ АФ өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді. Бірақ кәсіпкерлер өздерінің көптеген сұрақтарына жауап ала алмады.

Жүргізілген талдау нәтижесінде «ҚазТрансГазАймақ» өзінің монополиялық жағдайын пайдалана отырып, техникалық шарттарды беру кезінде техникалық шешімдер түрінде өз талаптарын көрсететінін анықтадық. Ал техникалық шешімдерді, атап айтқанда, газ құбырының диаметрін, газдандырылудың дабылшыларын белгілеу қажеттілігін, жабдықты сәйкес лицензиясы бар әрі есептеулер мен сәйкес талаптар негізінде жобаны дайындаумен айналысатын жобалау институты ғана көрсете алады. Осылайша, газ шаруашылығы техникалық шарттарда қажет жабдықтар тізімін және жобалау шешімдерін көрсетуге құқылы емес, тек ойым нүктелерін көрсету түрінде бастапқы деректерді көрсете алады», - деп Сағынғазы Құрманәлин егжей-тегжейін жеткізді.

Палата сонымен қатар «ҚТГА» АҚ АФ-да жобаларды келісу кезінде жобаларды келісуді жүргізуге кететін шығындарды есептеудің әдістемесі жоқтығын аныйқтады. Оның үстіне, кәсіпкерлер берген ақпарат бойынша, 2015 жылы өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда жобаларды келісу құны екі есе өскен!

Мәселен, бір сағаттық жұмыс бола тұра, тұрғын үй жобасын келісу 3 920 теңге тұрады.

«Коммуналдық тұрмыстық және өнеркәсіптік кәсіпорындар жобаларын келісуге келер болсақ, онда бұл тіпті ақылға сыймайды! Сонымен, G-10 есептегіші жобасын көрсеткенде келісу құны 5600 теңгені құрайды, G-16 – 11200 теңге және G-25 – 16800 теңге. Оның үстіне, келісу құны газ құбырының ұзындығына тәуелді. Сонымен бірге «ҚазТрансГазАймақ» АҚ АФ жобаларын келісудің табиғи монополия саласына жатпайтындығын ескеру қажет. Демек, компания әрекеттері заңсыз», - дейді Сағынғазы Құрманәлин.

Бөлім бастығының пікірінше, компанияда тұрғын үйлер құрылысына жұмыс жобасын келісу құны да аса көтеріңкі.

«Бұл туралы «Батыс-1» шағын ауданындағы он қабатты 188 пәтерлі тұрғын үйдің мысалынан жорамал жасауға болады. «АқтөбГражданПроект» жобалау компаниясы 130 мың теңгеге үйді газбен жабдықтау жобасын жасап береді, ал «ҚазТрансГазАймақ» аталмыш жобаны келісуді 436 220 теңгеге бағалаған!», - деп сарапшы ашуын жасыра алмады.

Палата «Атамекен» ҚР Ұлттық палатасына жүгінім жолдады. Онда өңірлік палата өкілдері орталық аппараттың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне «ҚазТранГазАймақ» АҚ Ақтөбе өндірістік филиалы қызметінің заңдылығын тексеруді бастамалауды сұрайды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер