«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алкоголь ісі

2015 жылғы 19 Тамыз
- Ақтөбе облысы
8963 просмотров

Темірлік 23 кәсіпкерге алкоголь сатуға лицензия үшін төленген алымның бір бөлігі қайтарылады.

Бұл туралы palata.kz –ке Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы Темір ауданындағы филиалының директоры Айдос Мырзағали хабарлады.

Оның айтуынша, Темір ауданы бойынша мемлекеттік табыс басқармасы Шұбарши және Шұбарқұдық ауылдарының кәсіпкерлерінен алкоголь өнімін сатуға лицензия үшін алымды негізсіз алған. Сауда нүктелері алкоголь өнімдерін сататын 23 кәсіпкер алымды тиісті 30 айлық есептік көрсеткіштің орнына 70 АЕК мөлшерінде төлеген.

«Бұл бұзулар Темір ауданы прокуратурасымен бірге жүргізілген мониторинг барысында анықталды. ҚР Салық кодексінің 3 бөлімі 472 бабына сәйкес, төлеушілер алым сомасын жыл сайын сол жылдың 20 қаңтарына дейін төлейді. Шұбарши және Шұбарқұдық ауылдарының кәсіпкерлері солай жасаған, бірақ кенттік округте емес, ауылдық елді мекенде тұрып жатса да, лицензия үшін 70 АЕК төлеген», - дейді Айдос Мырзағали.

Шұбарши ауылының кәсіпкерлерінен түскен өтініштерге сәйкес, Палата филиалы Темір ауданының прокурорына 40 АЕК мөлшеріндегі артық төленген алым сомасын қайтару шараларын қолдану туралы хат жолдады. Қадағалау органы өз кезегінде Темір ауданы бойынша мемлекеттік табыс басқармасы басшысының атына ұсыныс жіберді.

Осыған қатысты дөңгелек үстел өткізіліп, онда барлық мүдделі тараптар бас қосты. Іс-шара нәтижесі бойынша кәсіпкерлерге 40 АЕК қайтарылатыны белгілі болды.


Ұқсас жаңалықтар:

Палата — заңды сауданы қолдайды!
10 Тамыз
2015
Қостанай облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер