«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерді не алаңдатады?

2015 жылғы 09 Қыркүйек
- Жетісу облысы
9917 просмотров

Пікірталас кәсіпкерліктің дамуындағы «сезімтал тұстарды» анықтауға көмектеседі

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасында Өңірлік кәсіпкерлікті дамыту картасын қалыптастыру жұмыстарының аясында «Сандж» Зерттеу орталығы ұйымдастырған семинар өтті.

Мақсат – өңірлердің институционалдық және әлеуметтік ортасы бойынша зерттеулер жүргізу. Сарапшылардың пікірінше, бұл институционалдық және әлеуметтік ортаның өңірдегі кәсіпкерлікті дамытуға қаншалықты әсер ететінін түсінуге мүмкіндік береді.

Зерттеуге әлеуетті кәсіпкерлермен және қандай да бір қызмет саласында қызмет тәжірибесі бар кәсіпкерлермен фокус-топтық пікірталастар өткізу кірді.

Әлеуетті кәсіпкерлер тобы көбінесе жасы 30 шамасындағы жастардан тұрды. Олар бизнес ашуда ұшырасқан немесе ұшырасудан қорқатын түйткілдер жайлы сөз етті.

Зерттеу тақырыбы тұрғысынан біршама қызықтысы әрекеттегі кәсіпкерлермен кездесу болды. Олар мемлекеттік бағдарламалар аясында ұсынылатын қолдау шараларының қолжетімсіздігі жайлы және бизнес жүргізу барысындағы кедергілер (атап айтқанда, кредиттік ұйымдар мен жергілікті атқару органдары тарапынан болатын) туралы айтты. Кейін кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін себептерді анықтауға көмектесетін әділ де ашық сұхбат орын алды.

Семинарға қатысушылар шақырғаны үшін және пікірін білдіруге мүмкіндік бергені үшін Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы мен «Сандж» Зерттеу орталығына алғыстарын айтты. Семинар қорытындысы зерттеліп, Алматы облысы Өңірлік кәсіпкерлікті дамыту картасын жасақтауда ескерілетін болады.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер