«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ҰКП мұнай базаларында есептеу аспаптарын орнатуға асықпауды ұсынады

2015 жылғы 18 Қыркүйек
11642 просмотров

ҰКП Төралқасының мүшесі Данияр Әбілғазиннің төрағалығымен «Атамекен» ҚР ҰКП Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің 13 отырысы өтті.

Қаралған мәселелердің бірі – 2016 жылдан бастап мұнай базаларына есептеу бақылау аспаптарын орнату. 

«Атамекен» ҚР ҰКП осыған орай ҚР Қаржы министрлігіне орнату мерзімін тоқтату немесе ұзарту жайлы ұсыныспен жүгінбекші. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ойынша, бақылау аспаптарын міндетті орнату және қызмет көрсету біршама күрделі қаржы шығынын және ұзақ уақытты талап етеді. Оның үстіне бақылау есептеу аспаптарына мәлімделген артық талаптар тәжірибеде тиісті түрде қолданылмайды.

ҰКП пікірінше, қазіргі кезде мұндай жұмыстарды орындау мұнай өнімдері нарығындағы бақылау және мониторинг саласындағы мемлекет үшін расталмаған әсер жағдайында бизнестің аталмыш сараланымына қосымша жүктеме тудырады. ЕБА орнату жөніндегі қағидалардың үстіміздегі жылдың маусым айында ғана, яғни «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заң қабылданған соң төрт жыл өткен соң бекітілгенін атап өту керек. Осылайша, мұнай базалары мен мұнайды қайта өңдеуші зауыттар жарты жылдық мерзімде, аталмыш нысандар жоғары қауіпті орындарға жататын болғандықтан, мемлекеттік сарапатамадан өтуге тиіс жұмыс жобасын дайындаудан, мердігерлерді іріктеу, құрылыс-монтаждау жұмыстары, бағдарламалық жасақтаманы дайындау және орнатудан тұратын ЕБА орнату процедураларынан өтуге тиіс.

Бұл жұмыстың үстіміздегі жылдың соңына дейін елдегі барлық мұнай базаларында дерлік бір уақытта өткізілуге тиістігі де салмақты қауіп тудырады. Олардың жалпы саны 350-ге жетеді. Бұл мән-жай ішкі нарықты мұнай өнімдерінің барлық түрлерімен қамтамасыз етуге салмақты әсерін тигізуі мүмкін. Заңнамада сонымен қатар Қағиданың жоғарыда аталған талаптарын сақтамаған жағдайда қолданылатын қатаң ықпалшаралар көзделген. Сөйтіп, Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекске сәйкес, мұнай базалары мен Мұнайды қайта өңдеу зауыттары мұнай өнімдерін тәркілеумен көлемді айыппұлдарға тартылады. Мұндай жағдайда мұнай базалары мен мұнайды қайта өңдеу зауыттарының қызметін тоқтату туралы мәселе туындауы мүмкін.

Отырыста сонымен қатар «Трансферттік баға белгілеу туралы» ҚР Заңын қолданудың түйткілді мәселелері де талқыланды.

Отырыс нәтижесі бойынша Мұнай газ өнеркәсібінің комитеті баға белгілеу әдістемесіне дифференциалды растайтын құжаттарды қолдануды ескере отырып экспорт бағыттары бойынша бағаларды есептеу критерийлерін қосу және оны талқылау үшін «Атамекен» ҚР ҰКП жанынан салық органдары мен мұнай экспорттаушы компаниялар өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобын құруды ұсынды. Жұмыс тобы нарықтың барлық қатысушылары біркелкі әдістемесін қолдану үшін және салық салумен байланысты тәуекелдерді алып тастау үшін ҚР Үкіметіне ұсыныстар даярлайды деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар KAZENERGY Қауымдастығы мұнай-газ саласындағы бейіндік мамандықтарды кәсіби қызметінің негізгі топтары мен топшаларына жүйелеу және құрылымдау мақсатында дайындаған ҚР мұнай-газ саласындағы мамандықтар тізбесін даярлау туралы да айтылды. Бейіндік министрліктерге мұнай-газ саласы мамандықтары бойынша бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалық мазмұнын жаңартуда, сондай-ақ мұнай-газ саласы үшін кәсіптік стандарттар дайындауда тізбені қолдану ұсынылды.

Сонымен қатар отырыста «Қазақстанның Сервистік компаниялар одағы» заңды тұлғалар бірлестігін ҰКП мұнай сервисі саласындағы белгілі бір функцияларын жүзеге асыруға тартуға шешім қабылданды.

Отырысқа қатысушылар сонымен бірге алдағы Х Еуразиялық KAZENERGY Форумына даярлықты, шығарылуы жоспарланып отырған Ұлттық энергетика баяндамасы және Бірыңғай еуразиялық мұнай, газ және мұнай өнімдері нарықтарының тұжырымдамасы мәселелерін талқыға салды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер