«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Банктер ақша бермейді

2015 жылғы 09 Қазан
- Ақтөбе облысы
9443 просмотров

Ақтөбелік кәсіпкерлер екінші деңгейдегі банктердің өтінімдерді қарау мерзімінің ұзақтығына шағымдануда.

Мемлекеттік бағдарламалар аясында шағын және орта бизнесті кредиттеу мәселелері бойынша өткен «дөңгелек үстелге» жергілікті компаниялардың 30-дан астам бухгалтері мен басшысы қатысты. Іс-шараға сонымен қатар ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері қатысты.

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлыбек Мұқанов 2015 жылы, былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда, заңды тұлғаларды кредиттеу көлемі 15 пайызға, 18,1 миллиард теңгеден 15,3 миллиард теңгеге дейін төмендегенін атады.

«Бизнесті кредиттеуге қатысты, қазіргі экономикалық жағдайға, ұлттық валютаның еркін бағамына көшуге байланысты өзгертулердің бар-жоқтығы туралы сіздің ойыңызды білгіміз келеді. Айналымдық қаражатсыз бірде-бір бизнес дами алмайды. Осы бағытта қандай түйткілдер мен олқылықтар бар екенін білгіміз келеді”, - деп директор іс-шараны қыздырды.

«Өтінімдерімізді қарау кезінде көптеген бюрократиялық іркілістер туындап жатады. Бірнеше фирмамыз бар. Барлық банктермен жұмыс жасаймыз, бірақ жыл басынан бері бірде-бір кредит алған жоқпыз. Банктер бас тартпайды: қаржылық көрсеткіштердің жақсы екенін айтады және 2011-2012 жылдар құжаттарын, өзіндік құнның түсіндірмесін талап етеді. Ешқандай түсіндірулер, ескертулер, қорытындылар бермейді. Былтырғы жылы жеңіл болған еді», - дейді «Ақнұр Консалтинг» ЖШС өкілдері.

«ТОСТ плюс» ЖШС директоры Бақыт Сүлейменов банктердің жергілікті филиалдарында уәкілеттіктің жоқтығы жайлы, және де олардың өз беттерінше шешім қабылдай алмайтыны жайлы болжам жасады.

«Қай бизнес кредитсіз жұмыс жасай алады? Кәсіпкер банкке еріккеннен жүгінбейді. Оның үстіне 20 миллион теңгелік кредит желісін ашу үшін кепілге 70 миллион теңге беруге әзір! Өзіне жауапкершілік ала алмайтын және өз бетінше шеше алмайтын ол қандай банк?» - деп есептейді Бақыт Сүлейменов.

Қазақстандағы жалғыз өртке қарсы жабдықты өндірушінің көбіне айналымдық қаражаттың жоқтығынан толық қуатымен жұмыс жасап, мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмай отырғаны анықталды.

«Мемлекет банктерге қолдау көрсетеді, оларға қаражат бөледі. Біз неге оны ала алмаймыз? Үш келешек жобаны алға тартуға тырыстық, нәтиже болмады. Соңғы 5 жылдағы деректер берілген бір ғана құжаттарды сұрайды. Бизнестің 1000 пайызға ұтылыс көрмейтініне кепілдік беруді сұрайды. Бәрін береміз, жауап жоқ», - деп бөлісті түйткілімен «Ақтөбе өртке қарсы жабдықтар зауыты» қаржылай директоры Сергей Ена.

«Қазақстанда ресейлік және белорустық өнімді 10 жыл бойы сатып келдік те, осыдан кейін барлық нормаларға жауап беретін сапалы жабдық өндіруге болатынын дәлелдеуге бел будық. Тәуекел етіп, жеке қаражатымызды салып, өртке қарсы жабдық өндіретін зауыт аштық. Девальвацияға дейін қуаттылықтарды арттыру үшін жабдық сатып алуды жоспарлап жүргенбіз және өндірісті аса зор көлемде дамытып, күллі Қазақстанды қамти алар едік. Банктер көмекке келгенде бұл қолымыздан келер еді. Кредит алуға өтінімді былтырғы жылы беріп қойғанбыз, биыл қайтадан тапсырдық. Айына бір рет барлық банктерде болып, барлық жерде дерлік бір жауапты естиміз. Бізге қаржылай көмек қажет», - деп жалғады сөзін Сергей Ена.

Кепілдіктік мүлікті бағалау кезінде бағалау құнынан 0,6 пайызға дейінгі төмендетуші коэффициенттердің қолданылатыны өзекті түйткілдердің бірі болып қала береді. Бағалау компаниялары назарға іліккен бірқатар әйгілі істерден кейін, банктермен арадағы түйткілдерді болдырмау үшін, олар кепілдіктік мүліктің бағалау құнын төмендетуге мәжбүр.

«Дөңгелек үстел» барысында айтылған осы және басқа да көптеген түйткілдер, сонымен қатар оларды шешу үшін жасалған ұсыныстар ҚР Ұлттық палатасына жолданады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер