«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Әкімді орап өтіп, әрекет етпе!

2015 жылғы 05 Қараша
- Жетісу облысы
10223 просмотров

Талғар ауданында қаулыға әкімнің орнына оның орынбасары қол қойған, сондықтан аталмыш құжат жарамсыз деп танылуы мүмкін

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы бизнес-қоғамдастық өкілдерімен өткен кезекті кездесу барысында әкім орынбасарының Талғар ауданы әкімдігінің жер мәселелері жөніндегі қаулысына қол қоюының заңдылығы мәселесі айтылды. ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жергілікті атқару органының жеке және заңды тұлғалардың жер мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау нәтижелері жергілікті атқару органының шешімі түрінде, яғни әкімдіктің қаулысы түрінде ресімделеді. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 37 бабы 2 тармағына сәйкес, әкімдіктің қаулысына әкім немесе әкімнің міндетін атқарушы тұлға қол қояды.

Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әкімдік қаулысына әкім емес, оның орынбасары қол қойған жағдайда, мұндай құқықтық акт мүдделі тұлғалардың талап етуі бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін, ал бұл кейін өздеріне қатысты осындай актілер шығарылған тұлғаларға, сонымен қатар кәсіпкерлерге жағымсыз әсерін тигізеді.

Кәсіпкер жеткізген дерек бойынша ақпаратты Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Алматы облысы прокуратурасына заңды сақтау және кейін кәсіпкерлер құқықтары мен заңды мүдделерінің ықтимал бұзылуын болдырмау мәніне тексеріс жүргізу мақсатында жіберді.

Алматы облысы прокуратурасының Талғар ауданы әкімдігінің қызметіне жүргізген тексерісі барысында 2014-2015 жылдардағы жер мәселелері жөніндегі барлық қаулыларға әкімнің орынбасары қол қойғаны анықталды. Осылайша, ұзақ уақыт бойында ҚР қолданыстағы заңнамасын бұзуға жол беріліп келген. Аталмыш әрекет әкімдік қаулыларын жарамсыз деп тануға негіз болуы мүмкін еді, ал бұл ақырында жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға әкелер еді.

Алматы облысы прокуратурасы жүргізілген тексеріс нәтижесі бойынша кейін мұндай заңды бұзушылыққа жол бермеу бойынша шара қолдану үшін облыс әкімдігіне ұсыныс жолдады. Алайда, ҚР ҰКП ойынша, ықтимал жағымсыз салдар тәуекелін ескере отырып, сонымен қатар бизнес-қоғамдастық құқығын қорғау мақсатында, жол берілген бұзуларға жауапты лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту қажет.

Ұлттық кәсіпкелер палатасы жүйесіне бизнесті қорғау желісі бойынша келген өтініштердің шамамен 20%-ы жер қатынастары саласына жататынын атап өтейік. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, олардың көп бөлігі жергілікті атқару органдары – әкімдіктер тарапынан кәсіпкерлер құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға тиесілі. Сонымен, түйткілдердің жиі кездесетін түйткілдері – бұл жергілікті атқару органдарына берілетін өтініштер мерзімін бұзу, қандай да бір мемлекеттік қызметті көрсетуден заңсыз бас тарту, елді мекендерде егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының жоқтығы және т.б.

Бүгінде сонымен қатар жергілікті атқару органдарының қолданыстағы заңнамада көзделген жер қатынастары саласында шешім қабылдау кезіндегі процедураның (жерді пайдалану, нысаналы мақсатын өзгерту құқығын беру және ұзарту және т.б.) бұзылуы өткір болып тұр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер